Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Испаниядағы карантинге қазақстандықтың көзқарасы

233

Алматылық Олеся Иванова үш жыл бұрын екі баласымен бірге Испанияға қоныс аударды. Енді Валенсия деген керемет әдемі, портты қалада Жерорта теңізінің жағалауында тұрып жатыр. —Карантиннің бастапқы кезеңінде бәрімізде шок болды, бірақ қазірде бәріне көнігіп кеттік. Мен

барлығы секілді жаппай азық-түлік сатып алуға қатыспаймын және

ғимаратты үнемі хлорлап жуып, санитарлық қорғаныс құралдарын кимеймін деп шештім.

Мен қашанда гигиена ережелерін сақтауға тырысамын, сондықтан енгізілген ережелер мен үшін жаңалық болған жоқ. Барлық жоспарланған шараларды кейінгі қалдыруға тура келді. Қалыпты өмір салтына қашан және қалай оралатынымыз белгісіз. Көп адам бұл белгісіздіктен қорқады.

Валенсиядағы орталық алаң, карантиннен 2 күн бұрын

Карантин білім беруге қалай әсер етті?

— Олеся, сенің балаларың қашықтан оқып жатыр ма?

—Испанияда білім беру жүйесі бастауыш мектепке және орта буынға бөлінеді. 6-ыншы сыныптан кейін мектеп институт деп аталады, бірақ іс жүзінде бұл әлі де мектеп.

Испанияда 13 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап  бастауыш сыныпта оқитын балаларға тапсырмаларды электрондық пошта немесе  блогтар мен ата-аналардың чаты арқылы жібереді.

Орта буын оқушылары жекелеген корпустарда оқиды. Студенттер мен оқытушылар арасындағы оқу пәндері мен коммуникацияларды ұйымдастыру түрі бойынша бұл корпустар колледждерді еске түсіреді.

itaca немесе aules секілді бағдарламалар бар, онда оқушылардың оқу көрсеткіштері, тапсырмалар мен т.б. жарияланады.

Студенттер ұстаздарымен байланысу үшін осы базаны пайдаланады. Бірақ

Испанияда атап айтатындай  қашықтан оқыту жоқ

Видеобайланыс та орнатып жатқан жоқ, қашықтан толыққанды сабақты алмастыратындай ешқандай бірегей  әдістемелер де қолданылмайды.

Жеке-жеке карантин

— Алматылықтар карантиннен шаршады. Ал испандықтардың жағдайы қалай?

— Испандықтар үшін қоғамнан толық оқшауланып, тек үй тұрмысында ғана өмір сүру қиын. Олар апта сайын, тіпті күн сайын достармен, серіктестермен, таныстармен кездесіп отыру  өте маңызды.

Олар бірнеше отбасы болып достасып, араласады, сондықтан қоғам үшін карантин және төтенше жағдай енгізу толық шок болды

Сол себепті де карантинді кезеі-кезеңмен енгізді.  Алдымен екі аптаға жабамыз деп жарияласа, кейін тағы да екі аптаға ұзартты. Көптеген кәсіпорын тоқтап қалды, ал жұмыс істейтін халыққа уақытша жұмыссыздар — ERTE мәртебесін берді.

Карантин кезінде адамдар жұмыс орнынан жалақыларының бір бөлігін ғана, 30%-ын алады. Қалған 70%-ын мемлекет төлеп береді.

Бірақ мемлекет бұл ақшаны қашан төлейтіні әлі де белгісіз болып отыр.

Капиталистік әлемде сақтандыру, несие мен басқа да міндетті шығындардың шотын уақытында төлеу керек

Ал төтенше жағдай және карантин жағдайындағы төлем мерзімі туралы әлі айтылған жоқ. Осыған байланысты депрессивті көңіл-күй пайда болды. Бұндай қиын уақытта кейбір сарапшылар банктерден көмек сұрайды ұсынады. Өйткені 2008 жылғы әлемдік дағдарыс кезінде олар мемлекетке және халыққа қаржы жүйесін қолдауға өтініш білдірді. Және мемлекет қолдады. Енді қоғам көмекке мұқтаж..

Отбасылық құндылықтар

— Күнделікті өмір-салтынан, балалары мен немерелерімен араласудан айырылған егде жастағы испандықтардың карантиндегі өмірі қалай өтуде?

— Қарт адамдарға карантин жағдайында өмір сүру өте қиын. Зейнет жасына шыққан кезде испандықтардың бос уақыты көбейеді. Олар барларға және кафелерге барады, тіпті кейбіреуі үйлерінің жанындағы шағын бардан шықпайды десе де болады. Олар онда таңғы астарын ішіп, темекі шегеді, ойнайды, ал кешке тағы да онда достарымен кездеседі.

Көптеген испандықтардың өмірі тіпті  70 жастан кейін өте белсенді бола бастайды. Олар өздерінің қызығушылықтарына қарай түрлі қауымдастықтар құрып, белсенді түрде спортпен айналысады

Сондықтан карантин жағдайында олар өздерінің қауіп-қатерге көбірек ұшырайтынын түсініп, ешқайда шықпайды, ешкіммен араласпайды.

Карантиннің талаптары

— Айтпақшы, карантиннің талаптары қандай? Үйден шығуға бола ма?

— Тек бір-бірден шығып, азық-түлік сатып алуға болады. Иттерді серуендетуге рұқсат берілген.

Сондықтан

қазір иті барлар басымдылыққа ие, оларға сыртқа шығуға заң жүзінде рұқсат берілген

Қазір желіде осы тақырыпқа қатысты әзілдер көп. Олар әзілдеп, иттерін жалға беретінін жазуда.

— Қазақстанда да осындай жағдай орын алған. Ал сіз қалай ойлайсыз, мамыр айында бәрі аяқтала ма?

— Өзіңіз қарап көріңіз. Испанияда 1-2 мамырда ДДТ, Би2, Земфираның қатысуымен «Оттегі» атты үлкен  рок-фестиваль  өткізілуі керек еді. Алайда ұйымдастырушылар шараны келесі жылға қалдырды. Бұл жылы өзіне жауапкершілік алып, барлығы жақсы болады деп ешкім айта алмай отыр. Ешкім жұмыссыздарға тұрақсыздық төлемін төлегісі келмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз