Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында 2:0 есебімен Өзбекстан құрамасын ұтқан Иран командасы әлем чемпионатына жолдама алды.
Ойынның 23-ші минутында «Ростов» шабуылшысы Сердар Азмун есеп ашса, 88-ші минутта Мехди Тареми есепті еселеді.
Осы жеңістен кейін 8 ойында 20 ұпай алған Иран құрамасы «А» тобындағы қарсыластарынан ұзап кетті. 12 ұпайы бар Өзбекстан іріктеу тобындағы үшінші орында тұр.