Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Интернет алыптары террористік материалдардың бірыңғай базасын әзірлеп жатыр

Соңғы уақыттары әлеуметтік желілер “Ислам мемлекеті” секілді экстремистік топтардың қолданушыларды содырлар қатарына тартуға ыңғайлы ресурсқа айналды.

Сол себепті жоғарғы технология саласында жұмыс істейтін компаниялар қазір контент мазмұнына сараптама жасау үшін ауқымды шаралар қабылдауға мәжбүр. Оған әлемнің көптеген елдерінде террористік шабуылдардың тіркелуі түрткі болды.

YouTube және Facebook экстремистік мазмұндағы жазбаларды автоматты түрде жоя бастады. Дегенмен көптеген сайттар күдік туғызатын материалдарды анықтау үшін өз қолданушыларына арқа сүйеп келеді, одан соң ғана мұндай жазбаларды редакторлары тексереді.

Биыл ақпаннан тамызға дейін шамамен 235 мың Twitter-аккаунт жойылды. Twitter экстремистік жазбаларды анықтау жөніндегі штат санын ұлғайтты. Бірлескен база келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз