Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Индустриаландыру бойынша «Батыр» атты тракторлар шығарыла бастады

– Сергей Алексеевич, тың идея қалай туды, неден басталды?

– Саналы ғұмырым жер-­­ананы баптап-күтуге, ел ризығын өсіруге арнал­­ған­­­дықтан, ауыл шаруа­шы­­лығының жайын бір кі­сі­дей білемін. Кеңес заманын­да көктемгі, күзгі дала жұ­мыстарына негізінен Ресейде шығарылған техникалар жұмыл­дырылатын. Обалы нешік, сапасы жағынан мін айта алмайтынбыз. Өкініштісі сол, қашан тоз-тозы шыққанша пайдалануға мәжбүр болатынбыз. Ауыстырылмайтын, жаңаланбайтын. Қосалқы бөлшектер табу бір қиямет еді. Тапсырыс беріп, сарыла күтетінбіз. Болмаса шеберханаларда, цехтарда жасауға тура келетін.

Тәуелсіздік жыл­­­дар бедерінде бұл салада бағындырған белестеріміз аз емес. Мемлекеттің қуатты қолдауы арқасында отандық техникалар құрастыратын кәсіпорындар пайда болып, қазақ­­стандық мазмұнмен то­лыға бастады. Оның үстіне сервистік қызмет көрсету әлдеқайда оңайланды. Десек те, орасан қаражатты қажет ететін салаға екінің бірі тәуе­кел етіп, инвестиция құя алмасы белгілі. Қайтарымы қалай болары ойлантады.

Бәсекеге қарымды әрі қол­жетімді жергілікті өндіріс орнын неге құрмасқа деген ой мені көптен бері мазалайтын. Бірде бағасы удай болса да, шетелдік егіс кешенін алуға тура келді. Қарсы тараптың уәжіне ештеңе дей алмадым. Моно­полист болғаннан кейін дегеніне көндірді. Басқа таңдау жоқ. Қыж-қыж қайнап жатқан нау­қанды бір сәт тоқтатуға да, босаңсытуға да болмайды. Күз­­гі жиын-терін аяқталған соң Санкт-Петербург трактор зауытына арнайы барып, тыныс-тіршілігін зерделедім. Ішкі-сыртқы нарығына, ұсы­ныс-сұранысына барлау, талдау жасадым.

– Питерліктердің бір кез­дері «К-700» тракторын шығарумен атақ-даң­қы алысқа кеткен жоқ па?

– Әлі де осы дәстүрлеріне берік. Алғашқы «Фордзон-Путиловец» тракторы осында 1924 жылы құрастырылыпты. Одан бергі кезеңде цехтар бір­неше күрделі жаң­ғыр­тулардан өтіп, 1960-жылдары «Кировец» тракторлары құрастырыла бастаған. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде астық өндірушілерге жарты миллионға жуық техника бірлігі жөнелтіліп, әлі күнге дейін өз маркасын жо­ғал­тқан емес. Тарихы әрі­ден басталатын Путилов, Ки­ров зауыттарының ізін Пе­тер­бург трактор зауыты сабақ­тас­тықпен жалғастырып ке­ле жатқанына, заман ағы­­м­ына орай үйренетін көп­ жа­ңалықтар барына көз­ жеткізіп, нәтижесінде бір­лес­кен өндіріс орны ұйым­дас­тырылды.

– Биыл Елбасының қа­ты­суымен өткен жалпыұлттық те­­ле­көпірде «Батыр» трак­торының таныстырылымы күткендегідей болды ма?

– Әрине. Біріншіден, Пре­зи­дент Индустрияландыру картасының екінші бес­жыл­дығына енгізілген жобаларға зор талап қойды. Екіншіден, жыл өткен сайын аграрлы аймақта егіс алқаптарының көлемі артып келеді. Ал жер өңдейтін техникалардың басым бөлігінің қолданыста жүргеніне 15-20 жылдан асқан. Сондықтан озық 30 жобаның қа­тарына енуі, Мемлекет басшысының кәсіпорынды сал­танатты түрде ашуы біз үшін зор мәртебе болумен қа­тар, үлкен жауапкершілік жүктейді.

– Көпшілік арасында­ жаңа өнім көшірме бо­­лып­ кетпей ме деген­ алаң­дау­шы­лық жоқ емес. Бұл жағы қалай ойластырылған?

– Бұл тақылеттес сауалдар маған да аз қойылмайды. Бірлескен кәсіпорын келешекте өңірдегі ауылшаруашылық техникаларына деген қажет­тіліктің үштен бірін өтейтін болады. Техникалық жағынан ал­сақ, Ресейде «К-704-4р» трак­торы он жылдан бері шы­ға­ры­лып келеді. Оған қарағанда «Батыр СК» әлдеқайда жеті­л­дірілді. Жергілікті инженерлер теріскейдің қатал климаттық жағдайын ескеріп, бірқатар өзгерістер енгізді. Атап айтар болсақ, гидравлика мен пор­шень сорғылары өзімізде орнатылады. Сондай-ақ, рамалар, кабина дизайндары, бак, капот құрылымдары елеулі өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, қазақстандық үлес 40 пайызға жуықтады.

Ресейлік әріптестер зау­ыт құрылысының бірінші кезеңіне 1,2 миллиард теңге инвестиция құйып, заман­ауи құрал-жабдықтар орнатылды. «К-704-4р» маркалы техниканың қазақстандық баламасы жуырда құрас­ты­рылып, жыл аяғына дейін 20 бірлікке жеткізетін бола­мыз. 48 адам жұмыспен қам­ты­лып, жылдық қуаттылық 120 тракторға дейін өседі. Пай­да­лануға он жыл кепілдеме беріл­генімен, 20 жылға дейін үз­дік­сіз қызмет ете алады. Та­ғы бір артықшылығы, кез кел­ген ауылшаруашылық техни­каларымен жұмыс істей алатындығы.

– Бірлескен кәсіп­орын­ның талпынысы қуантады. Енді өнім өткізу жайы қалай болар екен?

– Астанада ұйымдас­ты­рылған «KazAgro/Kaz­Farm-­2016» халықаралық көр­ме­ге өнімдеріміз қойылып, жо­­ға­ры баға алғаны бізді қа­наттандырады. Бірқатар ұсы­ныстар түсті. Қай-қайсысы бол­сын қолжетімділігіне ра­зы. Шетелдік техникаларға қа­ра­­ған­да үш есе арзан. Со­сын «Қазагроқаржы», «Тех­но­лизинг», «Рос­агро­лизинг» ар­қылы жеңіл­­дікпен де алуға бола­ды. «Батыр» Қазақстан бой­ын­ша жасалған алғашқы отан­дық өнім екенін ескерсек, алушыл­ар қатары көбейері анық.

Келешекте егіс кешенін шығаруды белгілеп, қосымша бір цех жабдықталды. Мұндай өндіріс орны елімізде әзірге жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз