Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қиналған қазақ жігіті Қытай қызына үйленгелі жүр

235

Әйтеуір гу-гу әңгіме қызып жүре берді.

Сол кезде шетте отырған бір жас жігіт:

«қазақтың қыздары қытайлықтарға шыға ма, шықпай ма, онда шаруам жоқ. Бірақ мен қытай қызына үйленгім келеді» дегені.

Манадан пікір таластырып отырған жігіттер «мынау не дейді?» дегендей әлгінің аузына қарады. Жігіт болса:

«Рас, қытай қызына үйленуді жоспарлап қойдым. Жақында әлеуметтік желілерден мың жарымға тарта қытай жастары осында оқып жатыр дегенді көзім шалып қалды. Олардың жартысы қыздар екенін жүрегім сезеді. Оның сыртында түрлі жұмыстармен Қазақстанға келіп жатқан қытайлар қаншама? Арасында қыз-келіншектер де жеткілікті. Солардың бірімен танысып, үйленсем деймін.

Маған жек көріп қармаңыздар. Өйткені, өз жағдайымды өзім шешпесем, кім шешіп береді? Ауылда жұмыс жоқ. Қалаға келіп, осында әркімге жалданып жұмыс істеймін. Жас болған соң, өз қатарың секілді жүргің келеді. Киінгің келеді. Бірақ қол қысқа. Алты ай жазда бригада болып, байлардың үйін саламыз, кейбірі сұрағаныңды береді, кейбірі үйді тұрғызып алған соң, түрлі сылтау айтып, басында келісілген бағаны бермей қояды. Кейде көресіңді өзге ұлттан емес, өз қазағыңнан көресің. «Полиция шақыртып, қаматып қоямын» дейтіндерін қайтесің.

Қымбатшылық болса мынау, жағадан алған. Енді міне тіркеу деген пәле шықты. Осының бәрі қазаққа қарсы жұмыс істеп жатыр. Билік қара халықты ойламайды. Не істеймін?

Газеттерден, сайттардан қытайлар өзге елге шыққан қандастарына қатты көмек береді екен дегенді оқығанмын. Тіпті сол сырт жақта түпкілікті тұрып қаламын десе, үйіп-төгіп кредит те береді екен. Өйткені, өз жерінде сыймай жатқандар өзге жақта ұрық шашып, сол елге сіңіп кетсе, Қытай билігі қуанады екен. Осының бәрін оқыған соң ұзақ ойландым.

Қолында түгі жоқ, қайыршы қазақ қызына үйленгенше, билігі үйіп-төгіп көмек беретін қытай қызына неге үйленбеймін?

Танысып, ұсыныс айтып жатсам, қытай қыздары қарсы келмейтін шығар. Өйткені, олар да Қазақстанда тұруға қуанбаса, ренжімес. Осылайша өз жағдайымды өзім шешкім келеді. Қашанғы біреуге жалданып, құлдық күн кешемін?».

Жігіт қызып барып тоқтады.Сосын күсі домалаған қап-қара қолын бір сілтеп, парға кіріп кетті.

Отырғандардың пікірі қақ жарылды. Бір топ: «Намыссыз екен. Сасық қытай қызын құшағына қалай алмақ» десе, екінші топ: «Қайтсін енді. Қатты қиналған ғой» десті. Сіздер не дейсіздер?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз