Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды облысындағы оқиғаның егжей-тегжейін айтып, мәлімдеме жасады.
— Баланы бірнеше сағаттан кейін пәтерлердің бірінен тауып, дәрігерлерге тапсырдық. Осы пәтерден күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Осы факті бойынша тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды.
Күдіктінің әрекеті екі бап бойынша қаралады — жас баланы ұрлау және зорлау
Оқиғаға қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Олар оқиға орнына жиналды, жеке тұлғалар бұзақылық әрекеттер жасауға, сондай-ақ бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіруге тырысты. Бұл әрекеттердің барлығын полиция қызметкерлері тоқтатты.
Қазіргі уақытта Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақты, бақылауда. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында арандатушылардың бұл оқиғаны қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалану әрекеттері анықталды. Желіде осы оқиғаға қатысы жоқ фотосуреттер мен бейнелер пайда болды. Азаматтардың тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймын, — деді министр.
Сәтбаев қаласында қоғамдық тәртіпті бұзушылардың барлығы ұсталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп сендірді Тұрғымбаев.