Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Храпуновтың бұрынғы бағыныштылары сотта кінәларын мойындай бастады (видео)

Бүгінгі сот отырысы бас кейіпкерлерсіз басталған спектакльге ұқсайды. Басты айыпталушылардың жоқтығынан істің шұбатылып, сағызша созылғанына 10 жылдан асты. Храпуновпен ауыз жаласып, ым-жымдары бір болды деп айып тағылған, Алматы әкімдігінде әр жылдары қызмет еткен 9 азамат осында. Оқулығын үйде ұмытқан оқушыдай, отырысқа адвокатсыз келген Абдул-Ғазиз Мұқашевтың әрекетін сот әбестікке балағандай. Тіптен, сол  үшін процесті уақытша тоқтатуға тура келді.

https://kaz.365info.kz/atasynan-khorkhatyn-khajyn-atasy-pyshakhtap-oltirgen-akherkenin-tuystary-shyndykhty-ajtty-foto-325370

Мұқашевтың бейқамдығы өзге айыпталушылар мен қорғаушылардың қытығына тиді. Бір адам үшін отырысты кейінгі қалдыруды ешкім қаламады. Сәл үзілістен кейін судья отырыстың жалғасатынын айтты. Олардың бәріне ақша жымқыру, қылмыстық топқа қатысы бар деген айып тағылған. Кезінде Храпуновтың орынбасары болған Яков Заяц кінәсін ішінара мойындады. Сондай-ақ,  осыдан 10 жыл бұрын автобус астында қалып, жадынан айырылғанын айтып ағынан жарылды.

Осы істегі тағы бір айыпталушы, құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Ғабиден Қайымсұлтановтың өзіне қарағанда, баласы Әлібектің аты көпке таныс. Бірақ жақсы жағынан емес. 2009 жылы ащы суға сылқия тойған жігіт көлігімен апат жасап, үш адамның өліміне себепші болды. Сосын сотталды. Алайда, 2013 жылы уақытынан ерте бостандыққа жіберілді. Ғабиден Қайымсұлтановтың қорғаушысы одан қылмыстық істің ескіргеніне байланысты бар айыпты алып тастауға өтініш білдірді.

https://kaz.365info.kz/auyndy-zhinap-otsaj-zhasyryn-kameraga-tysip-khalgan-khajrat-nyrtastyn-ajeli-tagy-da-yyatkha-khaldy-video-325367

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Храпуновтарды қамау туралы сырттай шешім шыққан. Ал, қалғандарынан елден кетпеу туралы қолхат алынған. Елден кезінде қашқан Храпуновтар отбасы әлі күнге Швейцарияда алаңсыз  күн кешіп жатыр. Тергеу мәліметіне қарағанда 2003-2007 жылдар аралығында оффшорлық банктерге 48 млн доллар мен 8 млн еуроға жуық қаржы аударған. Храпуновтарға Қазақстан билігі жемқорлық айыптар бойынша іздеу жариялағанмен, әлі күнге құрық салдырмай келеді. Өзі арғы бетке ауғанмен, кезінде бір кемеде болған әріптестері бергі бетте қалды. Енді араға ұзақ уақыт салып қолдарымен істегенді мойындарымен көтермек. Бүгінгі алдын ала тыңдауда судья ешнәрсені кесіп айтпады. Келесі сот отырысы шілденің 31- ші жұлдызына белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз