Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Халықаралық сарапшы «Еуразияға төніп тұрған әлемдік қауіптер рейтингін» жоғары бағалады

145

Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Ариэль Коэн таныстырылым бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 100 жыл толуы қарсаңында тарихи сәтте өткізіліп отырғанын атап өтті. Ол баспасөз мәслихаты қатысушыларына сарапшылардың әлемдік жүйе тепе-теңдікті сақтамау кезеңінде тұр деген пікірін жеткізді.

Ариэль Коэн. Фото: Бауыржан Жуасбаев

«Сынақтар мен тұрақсыздық артып келеді және бұл Орталық Азия сынды тұрақты өңірге де өз әсерін тигізіп жатыр. Әрине, бүгінгі таныстырылып жатқан зерттеу жұмысы жоғары сапаға ие. Мен осыған дейін осы секілді әлемдік зерттеулерді көрдім. Алайда, осыншама жоғары деңгейдегі өнімді дайындау ұйымдастырушылардың үлкен жетістігі деп айтуға болады. Сондай-ақ, осы зерттеу жұмысында қарастырып отырған маңызды факторлардың бірі – АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың өршуі. Сарапшылар сауда және нарық соғыстары туралы айтады. Бірақ қазір бұл жағдайды тек осы салаларда ғана емес, ҚХР-дың өсу әлеуеті мен экономикалық өсімінде екі ел арасындағы бәсекелестікті байқап отырмыз» – деді Коэн.

Айта кетсек, зерттеу жұмысына әлемнің ең үздік 30-дан аса сарапшылары мен саясаткерлері қатысқан. Олардың пікіріне мемлекет басшылары, халықаралық институттар мен ірі БАҚ өкілдерінің құлақ асатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ зерттеу барысында 60 мемлекеттен 1000-нан астам кәсіби респонденттер арасында сауалнама жүргізілді.

Сарапшылардың болжамына сәйкес өңір үшін төніп тұрған басты жаһандық қауіптер мыналар: Қытай мен АҚШ текетіресінің шиеленісуі; Кең ауқымды сауда соғыстары; Таяу Шығыстағы үлкен соғыс; Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы; Еуразиядағы «шиеленіс ошақтарының» қайта жандануы; жікшілдік, этнос пен конфессияаралық шиеленістердің ушығуы; экологияға және су ресурстарына төнген қауіптердің ушығуы; киберқауіптердің дамып, күшеюі; жаппай қаруланудың жаңа кейпі; ірі ядролық және техногенді апаттар қаупі.

12-13 қарашада Қазақстан елордасында Astana Club IV («Астана клубы») отырысы өтіп жатқанын еске саламыз. «Астана клубы» әлемге танымал сарапшылар, саясаткерлер мен дипломаттардың басын қосып, саяси форум үлгісінде өтетін белді халықаралық алаң саналады. Қатысушылардың басты назары дағдарыс пен тұрақсыздық кезеңінде Еуразияға төніп тұрған қауіптерді талқылауда болмақ.

«Астана клубын» ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институты.

Биыл «Астана клубы» отырысына әлемнің 30 елінен 50-ге жуық спикер қатысуда. Оның ішінде Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қытай, Норвегия, Ресей, Хорватия, АҚШ, Швеция және Жапония мемлекеттерінің өкілдері бар.

Шараға экс-президенттер мен бұрынғы премьер-министрлер, бұрынғы сыртқы істер министрлері, Нобель сыйлығының лауреаты, геосаясат жөніндегі әлемдік бестеллерлердің авторлары және халықаралық қатынастар, геосаясат пен экономика бойынша сарапшылар қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз