Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Нейт Кэмпбелл WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай ауыр салмақ дәрежесіне неге көшпейтініне таңдануда.

Кэмпбеллдің сөзіне қарағанда, орта дивизионда дәл қазір Головкинмен жұдырықтаса алатын танымал боксшылар қалмады.
Бұған дейін Головкин орта дивизиондағыларды түгелдей жеңген соң ғана келесі сатыға көшетінін айтқан болатын. Сонымен қатар былғары қолғап шебері атағы жер жарған чемпиондармен айқасу үшін екінші орта салмаққа көтерілуге дайын екенін атап өткен.
Головкин келесі кездесуін тамыз немесе қыркүйек айында өткізеді. Оның қарсыласы британиялық кіші Крис Юбенк болуы мүмкін, деп жазды vesti.kz.