Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска киіп жүру керек — заңгер

155

Заң ғылымдарының докторы, Каспий университетінің профессоры Роман Подопригора мамыр айының соңында өзінің  Roman.Law телеграм-каналында ӘҚБтК-нің 425-бабына «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» сілтеме жасай отырып, былай деп жазды: «…санитарлық дәрігерлердің өздері де олардың актілері нормативтік актілерге (яғни заңнамаға) жатпайтынын мәлімдейді… ». Демек, «бұл бапты қолдануға болмайды».

— Роман Анатольевич, маскалық режимді сақтаудың қазіргі талаптарының ерекшелігі неде?

— Бұл жолы жағдай басқаша.  Бұрын коронавирус бойынша санитарлық ережелер (заңнамаларды оқыңыз) болған жоқ. Олар жаңадан пайда болды.

Негізгі ұстанымы мынандай: 425-бап бойынша санитарлық дәрігердің нұсқамаларын бұзғаны үшін емес, санитарлық ережелерді бұзғаны үшін жазалау керек

425-бап бастапқыда Денсаулық сақтау туралы кодекстен бастап министрдің бұйрығына дейінгі заңнамаға бағытталған. Санитарлық дәрігерлердің қаулысы  бұл заңнамаға кірмейді.

Санитарлық ережелерде маскаларға қатысты тәртіп пайда болды. Дегенмен, біздің актілердің тілінің күрделігі сонша, оны  түсіну үшін талдауға тура келеді.

Менің түсінуімше,

маскаларды жабық үй-жайларда және қоғамдық көлікте киіп жүру талап етіледі

Бұдан басқа, сұлулық салондары мен жалпы қызмет көрсету саласына кіретін бірқатар нысандарда да маска кию міндеттеледі. Діни нысандарға қойылатын талаптар бар. Мысалы, діни қызметкерге де маска режимін сақтау талабы қойылады. Маскаларды кию міндеттелетін бар басқа да нысандар бар.

— Неліктен мүұндай жағдай орын алды?

— БАҚ-та Алматыда маскалардың жоқтығы үшін 160 адам жазаланғаны туралы ақпарат айтылды. Олардың бұл режимді қайда бұзғаны түсініксіз болды? Егер оларды көшеде тоқтататын болса, бұл шараның заңдылығына күмән бар.

Егер мониторингтік топ сұлулық салонына немесе өндірістік объектіге кірген болса, онда бәрі заңды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз