Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мүслім Алтынбаевты Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Генерал-майор Мүслім Алтынбаев бұрын Қазақстан Қарулы күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ол – бұрынғы қорғаныс министрі, парламент сенатының депутаты, генерал Мұхтар Алтынбаевтың баласы.