Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Ғалымдар коронавирустың қалай таралатынын көрсетті

177

Коронавирустың таралуы көзге көрінбейді, сондықтан көптеген адам медициналық масканың көмегімен инфекциядан қорғау мәселесіне жеңіл қарайды. COVID-19-дың таралуының қарқындылығын нақты көрсету үшін жапон ғалымдары жаңа технологиялардың көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндіктерін пайдаланды, ол сөйлеген, ән айтқан немесе жөтелген кездегі вирус бөлшектерінің қозғалысын көрсетті.

«Егер біз бүкіл әлемге вирустың қалай таралатынын екенін нақты көрсетсек, онда адамдар оның қауіптілігін елестете алады және  шара қолдану керегі туралы ғылыми тұрғыдан ойлана алады»,

—  деп Kobe University & RIKEN профессоры, зерттеушілер тобының жетекшісі Макото Цубокуро өз ойымен бөлісті.

Зерттеу нәтижелері ылғалдылық жоғары болса ұсақ аэрозоль бөлшектерінің саны артатынын көрсетті. Түрлі қорғаныс құралдарын салыстыра отырып, ғалымдар масканы дұрыс қолдансақ, індеттен тиімді қорғана аламыз жеген қорытындыға келді.

Сондай-ақ, ғалымдар әлеуметтік қашықтықты сақтаудың тиімділігін атап өтті. Өйткені тәжірибелері вирустың үлкен бөлшектері  тасымалдаушының жанындағы жақын жерге түсіп, алыс қашықтыққа ауа арқылы берілмейтінін көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз