Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Гүлнұр Оразымбетова біреудің отбасын бұзған әйел екен

234

– Қазіргі күйеуіңмен 19 жасыңда танысқан екенсің. Қызықты романтикалық кездесулерің туралы айтып берші.

– Негізі мен қазаққа белгілі азаматпен бас қостым. Жас кезімде ел алдында домбырамен ән айтатынмын. Сол кезде өнеріме ғашық болған екен. Қазір “Бір көргеннен ғашық болған екенсің” деп айтып күлеміз. Ол кезде киімім де, түрім де дұрыс емес еді. Сол балалық мінезім мен өнеріме ғашық болған екен. Осының дәлелі ретінде әлі күнге дейін сахнадан алыстатпай жүр. Мұны бір Алланың маған тарту еткен бақыты деп білемін.

– Сенен 20 жас үлкен. Бастапқыда қамқоршы ағаңдай болған шығар.

– Әкем қатал кісі болғандықтан, ол кісіге еркелеп өскен емеспін. Сондай бір еркелететін адам жетіспегендей болып тұратын. Күйеуім қызмет бабында қатал болғанымен, өте бауырмал кісі. Мінезі жұмсақ. Мені әлі күнге дейін еркелетеді. Екі ұлымыздан кейін қызды болсақ деп армандап жүрміз. Кейде ішімде бұл кісінің бар назары қызымызға ауып кете ме деген қызғаныш пайда болады. Себебі, күйеуім “Қыз туып берсең, жөргегін өзім ауыстырып, өзім қараймын. Сен жұмысыңа бара бер” деп айтады.

– Жолдасыңның бірінші әйелі болғанын білдің бе? “Гүлнұр отбасын бұзды, оңбаған” деп нешетүрлі әңгіме айтатындарға қандай жауабың бар?

– Әрине, білдім. Отбасы да, балалары да болды. Отбасын бұздың деп айыптайтындарға бір ғана жауабым бар. Әдемі болып отырған отбасының ойран болғанын ешкім де тілемейді. Мұның барлығы – маңдайға жазылған дүниелер. Ол кісі отбасынан тек мен үшін кеткен жоқ. Әдетте күйеуімнен бірінші отбасына қатысты ешнәрсе сұрамаймын. Өздері осындай шешімге келді.

– Екеуің біраз уақыт бірге араластыңдар. Сол кезде оны бірінші әйелінен қызғандың ба?

– Қызғанған жоқпын. Бұл мен үшін қалыпты дүниедей көрінді. Ең бастысы, мен ол кісіні қызғанып, артынан жүгірген емеспін. Мен күйеуімді жақсы көремін. Ол кісі де мені жақсы көреді. Ол өз өмірін, мен өз өмірімді сүремін. Бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. Артық ешнәрсе сұраған да емеспін. Мысалы, қалтамда ақша болмай тұрса, концерттен, тойдан қалмаймын. Жас кезімде ол кісі келгенде дастарханды жайнатып жіберіп, шайымды беретінмін. Ол кісілер жейтін қызыл балыққа дейін сатып аламын. Қазір “Сол қасиетіңмен баурап алдың” деп өзі де айтып отырады.

– Сендердің жуырда ғана некелескендерің рас па?

– 20 жылдан бері біз Алланың алдында біргеміз. Ал ресми некелескенімізге 8 жыл болды. Екінші баламыз осы желтоқсан айында 8 жасқа келеді. Алдында біз қазақы дәстүрмен некемізді қиғанбыз. Мен некеміз ресми қиылсын деп талап қойған емеспін.

kvu

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз