Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Франция президенті лаңкестерге қарсы соққыларды күшейтетінін мәлімдеді

Олланд жүк көлігімен бір топ адамды мыжыған лаңкестің көзі жойылғанын растады.

“Қазіргі уақытта біз оның сыбайластары болды ма, жоқ па айта алмаймыз”, – деді Франция президенті.

Сонымен қатар, Олланд Францияның Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы соққыларын күшейтетінін мәлімдеді.

“Біздің жерімізде шабуыл жасап жүрген Сирия мен Иракка соққылармызды күшейтеміз”, – деді Олланд.

Франция президенті Францияда 26 шілдеде аяқталуы керек төтенше жағдай режимі тағы үш айға созылатынын айтты. Оның айтуынша, биліктегілер де “Сентинель” терактілерін алдын алу үшін операцияларды жүргізуді қолдайды.

Кеше жүк көлігінің жүргізушісі Бастилияны алу күніне байланысты Ницца жағалауына отшашуды тамашалауға келген бір топ адамды жапырып, басып өткен болатын. Бұл теракті деп қабылданды. Қайтыс болған адамдар саны – 80-ге жуық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз