Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Франция – чемпион: ӘЧ 2018 финалында тағы бір рекорд жаңартылды

Үзілістен кейін есеп 2:1 болған кезде, Хорватия құрамасында француздарды қуып жетуге мүмкіндік болса, екінші таймның ортасында соғылған екі гол хорваттардың Кубок иеленуге деген ұмытылысын су сепкендей басты.

Алайда финалда тағы бір күтпеген жайт болды. Франция қақпашысы Уго Льорис өз қақпасы алдында біраз ойнаймын деп, матчтың барысын өзгертті. Өз-өзіне деген шектен тыс сенімділіктің салдарынан гол жіберіп алған: бірінші таймда автогол соққан Марио Манджукич бұл сәтті құр жібермей гол салып, 40 жыл ішінде әлем чемпионатының бір матчында автогол және гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Әрі қарайғы ойын тепе-тең өрбіп, қарсыластар өзара шабуылды үдетті. Алайда француздар басым түсіп, енді, міне, жиырма жыл өткен соң Әлем кубогі тағы да Парижге жол тартты.

Ал, бақандай алты гол соғылған Франция — Хорватия матчы әлем чемпионатындағы ең нәтижелі финал болып шықты

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз