Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Еуропа қашықтан білім беру процесінен бас тартты

177

Пандемия жағдайында мектеп ашу мәселесін қоғамдағы көптеген қарама-қайшылық күрделендіре тусуде.

  • Балалар мен мұғалімдердің денсаулығына төнетін қауіпті,
  • сапалы білім мен әлеуметтену қажеттілігін,
  • ата-аналардың экономикалық және психологиялық императивтерін ескеру керек. Өйткені, олар қашықтықтан білім беру процесі қайта енгізілсе бір уақытта оқу процесін бақыла, сонымен қатар жұмыс істеуі керек.

Тәжірибе көрсеткендей, іс жүзінде бірде-бір ел балалардың қашықтан оку процесін тиісті деңгейде ұйымдастыра алмады.

Қазақстанда жаңа оқу жылы қашықтан оқытылады деген шешім қабылданса, Еуропада қазірдің өзінде мектептерді ашып үлгерді. Анықтама үшін, ЕО елдеріндің басым көпшілігінде оқу жылы тамыз айында басталады.

Бес ел пандемия жағдайында келесідей жолды тапты.

Германия

Германияның федералды заңдарына сәйкес, әр аймақ өзінің жазғы демалысын белгілейді. Мәселен Германиядағы инфекция жұқтыру ең төменгі деңгейі болған Мекленбург-Алдыңғы Померания аймағы 1 тамыздан бастап мектептерді толығымен ашты.

Осы аптада Берлин, Бранденбург, Шлезвиг-Гольштейн және Солтүстік Рейн-Вестфалия да олардан үлгі алды.

Мекленбург-Алдыңғы Померанияның тым ерте жүргізілген тәжірибесі оң нәтиже көрсетпеді. Мұғалім мен оқушыдан коронавирус анықталғандықтан, бірінші аптаның соңында екі мектепті жабуға тура келді.

Маска киюге қойылған талаптарда да үлкен айырмашылықтар бар. Шлезвиг-Гольштейнде мектепте маска кию міндетті емес. Берлин мен Бранденбургте  оқушылар дәліз бен асханада бұндай қауіпсіздік шарасы міндетті түрде сақталуы керек. Ал Солтүстік Рейн-Вестфалияда тамыз айының соңына дейін оқушылар сыныпта да маска киіп жүруге міндетті.

Айтпақшы, Германияның Федералды білім министрі Аня Карличек бүкіл ел бойынша мектеп ғимараттарында маска киюді міндеттеуді ұсынды.

Швеция

Швецияда мектептер бұған дейін де жабылған жоқ және  ережелерін де айтарлықтай өзгертпеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл тәсіл COVID-19-дың мектептерде қалай таралатыны туралы мәліметтер жинауға мүмкіндік берді, бірақ мұндай мәліметтерге ешкім назар аударып жатқан жоқ.

Швецияның жетекші вирусологы Андерс Тегнелл мектептер мен балабақшаларды ашық қалдыру туралы шешім инфекцияның таралу деңгейіне әсер етпеді деп мәлімдейді. Сондай-ақ ол

жаңа індетке мектептерді ашып, қайта жабу елдің билікке деген сенімдіне селкеу түсіретінін айтып ескертті

Ұлыбритания

Шотланд мектептері сейсенбі күні ашылды.

Билік коронавирус жұқтыру жағдайларының тек 0,8%-ы 15 жасқа дейінгі балалармен байланысты екенін айтты

Мектептерге бөлмелерді мүмкіндігінше жиі желдетіп,  кітапханаға қайтарылған кітаптарды үш күнге карантинге қою ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына әлеуметтік қашықтық қажет емес, бірақ  үлкен оқушылар қашықтықты сақтауға міндетті.

Белорустер Лукашенкодан шаршады, Ресеймен одақтасуды қалайды — Сұлтанов

Англия мен Солтүстік Ирландияға келетін болсақ, премьер-Министр Борис Джонсон қыркүйек айында мектептердің толық ашылғанын қалайды. Үкімет шағын сыныптар ұйымдастырып, мектептерді кезең-кезеңімен ашып, сынап көрді, бірақ кейіннен бұл тәсілден бас тартты. Бұған қажетті мамандар мен мектеп сыныптары жетіспейді.

Өткен аптада The Lancet-те жарияланған зерттеу қыркүйек айында мектептерді ашқан уақытта:

  • коронавирусқа жаппай тест тапсыру;
  • карантин және
  • бақылау шаралары жүргізілуі керек екенін ескертті.

Олай болмағын жағдайда  екінші толқынның өршуіне себеп боламыз, оның шыңы Желтоқсан айына келеді.

Италия

Елде  мектептердің барлығын 14 қыркүйекте ашуды жоспарлап отыр. Англиядағыдай, кішігірім сыныптар ашып, қашықтықты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер жетіспейді. Бірақ аталған уақытта үкімет қосымша 50 мыңға жуық уақытша оқытушыларды жұмысқа тартуды жоспарлап отыр.

Оқушылар мен мұғалімдер маска кию керек. Сонымен қатар, сабақтардың негізгі бөлігін сыныптан тыс, таза ауада өткізу жоспарлануда.

Франция

Франция мамыр айының өзінде  мектептерді  ерікті негізде аша бастады. Көп ұзамай мектепте ондаған адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды, бұл оқу орындарының шұғыл жабылуына әкелді. Бірақ үкімет инкубацияның ұзақтығына қарап,  оқушылар сәуірдегі карантин кезінде вирус жұқтыруы  мүмкін деп мәлімдеді.

«Қазақстан Темiр Жолы» жұмысындағы олқылықтардың саяси себебі бар — Әшімбаев

Француз мектептері бірнеше апта бойы біртіндеп ашылды. Тек маусым айының соңында ғана барлық мектептер жұмыс істей бастады. Осыдан кейін президент Эммануэль Макрон барлық мектеп жұмыс істеуге «міндетті» деп мәлімдеді. Мектеп жасына дейінгі, бастауыш мектептегі балалардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы,   орта және жоғары сыныптағы балалар маска киюге міндетті деген талап қойылған жоқ.

Алайда, бұл кезең тек екі аптаға созылды. Франциядағы екі айлық демалыс шілдеден басталады. Бұл дегеніміз,  Францияда мектептердің ашылуы қаншалықты дұрыс шешім болғанын қыркүйек айында ғана біле аламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз