Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Қазақстан Темiр Жолы» жұмысындағы олқылықтардың саяси себебі бар — Әшімбаев

221
Данияр Әшімбаев, Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған сурет

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚТЖ-да және оның еншілес компанияларна жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын жариялады. Нәтижелері таңқаларлық.

«Жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялауға қарамастан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да теріс қаржылық нәтиже бар», — делінген комитетінің есебінде. «Сауалнама нәтижелері халықтың жолаушылар тасымалы қызметіне қанағаттанбайтынын көрсетеді. Жолаушылар вагонының едәуір бөлігі ескірген және қауіпсіздік пен жайлылықтың қазіргі заманғы талаптарына  сай келмейді. Мәселен, жолаушылар вагонының жалпы тозуы 28%-ды, оның ішінде іске қосылғанына 20 жылдан астам уақыт өткен жолаушылар вагонының тозуы 55%-ды құрайды».

Сондай-ақ, аудиторлар ҚТЖ-да пайданың төмендегенін, елеулі қиындықтар бар екенін анықтаған.

«Соңғы 5 жылда «ҚТЖ ҰК» АҚ-да негізгі қызметтен түскен пайда мен шығынды азайту үрдісі байқалады, олардың жалпы сомасы жекелеген жылдары 616,8 млрд теңгені құрады. «ҚТЖ ҰК» АҚ 2015 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша шығыны 2015 жылы 460 млрд теңгені, 2018 жылы – 86,5 млрд теңгені және 2019 жылы – 70,3 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тартылған қарыздар бойынша «ҚТЖ ҰК» АҚ міндеттемелерінің көлемі 1 486,1 млрд теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көлемнен 5 есе жоғары (304,1 млрд.теңге). 2015-2018 жылдары төленген дивидендтер сомасы (1,7 млрд. теңге) 2010-2014 жылдары төленген дивидендтерден 50 есе аз болды (84,3 млрд.теңге)», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтар бойынша бірқатар материалдарды құқық қорғау органдарына жіберді.

Бұлдан қандай қорытынды шығаруға болады? Мемлекет қиын кезең туғандықтан квазимемлекеттік сектордың қаржылық ағындарын зерттеуді бастады ма? Әлде біздің көз алдымызда саяси топтардың қарама-қайшылығы қайтадан басталды ма? Саясаттанушы Данияр Әшімбаев болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бағынбағаны үшін соққы алды

— Данияр, бұл мемлекеттің ұлттық компаниялардың қызметіне қатысты айтқан алғашқы сыни пікірі емес. Олардың тиімсіз, әрі экономикаға пайдасыз жұмысы үшін үнемі сынға алынатынын үнемі көріп жүрміз. Не себепті қазір мемлекет талапты күшейте түсті?

— Егер ұлттық компаниялардың құрылымына жүгінетін болсақ, онда «ҚазМұнайГаз» бен ҚТЖ — соңғы жылдардағы дәстүрлі аутсайдерлер. Компаниялар  несиеге белшелерінен батқан. ҚМГ бұл тұрғыда темір жолдардан озып кетеді. Қашаған жобасын қаржылық жоспарлау бойынша өрескел қателіктер жасалды. Нәтижесінде ол Қазақстанды орасан зор шығынға ұшыратты, ҚМГ оның орнын толтыруы екіталай. Бұл шешімді Сауат Мыңбаев қана қабылдаған жоқ. Бірақ ол  министр және ҚМГ басқарма төрағасы ретінде компанияны несие шырбалаңына түсіруге  белсенді атсалысты.

Сонымен қатар, Мыңбаевтың барлық деңгейдегі шетелдік менеджментке деген қызығушылығы бар. Алғашында қарсы болғанымен, қазір оны ҚТЖ-ға да әкелуге тырысуда.

Есеп комитетінің тексеру жұмыстары ағымдағы жағдайға ғана емес, алдыңғы кезеңге де қатысты екенін түсіну керек

Мұнда 2 контекстті қарастыруға болады. Біріншіден, соңғы уақытта «Самұрық-Қазына» қорына қатысты туындаған мәселелер аясында ҚТЖ-ға соққы жасалуда. Жақында ғана Ахметжан Есімов биылғы жылы үлкен дивидендтердің бюджетке аударылатынын мәлімдеді.

Дегенмен, Тоқаев Ұлттық компаниялар пайдасының 100%-ын бюджетке дивиденд ретінде аудару туралы Жарлыққа қол қойғанын көрдік.

Есеп комитетінің тексеруі қиын сәтте өзінің қаржы ағындарын бюджетпен бөліскісі келмейтін квазимемлекеттік секторға қысым жасау құралы болып табылады

Екіншіден, мұны Үкімет пен Есеп комитеті арасындағы белгілі бір «қарама-қайшылық»  ретінде қарастыруға болады. Жақында ғана ол Парламентке есеп беріп, Наталья Годунова Сенат пен мәжілісте сөз сөйледі. Ал палаталардың бірлескен отырысына оның орнына Ардақ Теңгебаев келді. Оның айтуынша, жекелеген шағымдар бар, бірақ жалпы жұмыс жақсы жүріп жатыр. Ұзақ пікірталассыз есеп қабылданды. Үкіметке тойтарыс бере алды.

Ал Асқар Маминнің көп жылдар бойы ҚТЖны басқарғанын ескерсек, есеп комитетінің компанияға жүргізген соңғы тексерісі Мыңбаев пен Есімовпен ғана емес, Маминмен есеп айырысуды мақсат тұтты.

Мемлекет ішіндегі мемлекет

— Ұлттық компанияларға қатысты олардың  араларындағы саяси соғыстардан басқа ешқандай шағым айтылмайды деп ойлауға болады ма?

— Квазигоссектор ашықтығымен, транспаренттілігімен жіне  тиімділігімен ерекшеленеді деп айта алмаймыз. «Квазимемлекеттік» ұғымы Қазақстанда ғана бар. Барлық басқа елдерде бұл экономиканың мемлекеттік секторы ретінде түсініледі.

Бізде осы терминнің арқасында менеджмент мемлекетке ерекше қатысы жоқ сияқты әрекет етеді

Мемлекет оны қалай басқарса да, квазимемлекеттік сектор оған бағынбайды. Нәтижесінде мемлекеттің бақылау деңгейі барған сайын төмендеуде.

Өмірзақ Шөкеевтің кезінде сапаны жақсарту, трансформациялау сияқты корпоративтік басқару әдістері енгізілді. Бірақ соңында корпоративті басқару бойынша мамандардың саны артты, ал жұмысының сапасы жақсармады.

ҚМГ-нің  қарыздарына келетін болсақ, оның жаңа президенті Алик Айдарбаев соңғы екі жылда аппаратты үш рет оңтайландырғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы рет 40 басқарушы директор қысқартылды, дегенмен олардың саны ақылға қонымды шектерден асып түседі. Жалпы олардың саны қанша болды деген сұрақ туындайды.

Біз нақты санын білмейміз, өйткені ҚМГ және басқа да ұлттық компаниялар өз аппаратының толық құрылымын жариялауды ұнатпайды

Сондықтан бізге осындай квазигоссектордың не керегі бар деген сұрақтың жөні бар. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтері мен «Самұрық-Қазынаға» қатысты осындай қанша мәселе көтерілді.

Біз үлкен сомалардың жоғалып жатқанын көріп отырмыз. Тіпті ұлттық компаниялар мен холдингтердің қарапайым релиздік есептерінен үлкен ақшаның оңды-солды жұмсалағынын көреміз. Проблемалық банктерді құтқару үшін қанша миллиардтаған ақша құрдымға кетті, тиімсіз жобаларға, бейінді емес активтерге қанша қаржы жұмсалды. Мұның бәрі трансформация, модернизация және әлемдік үздік тәжірибелер туралы көпжылдық әңгімелер аясында орын алды. Бұл саясат ешқандай нәтиже бермейді. Экономиканың бүкіл мемлекеттік секторын жүйелі түрде қайта құру туралы мәселе туындайды. Кем дегенде қандай да бір пайда болуы керек.

Қайта құру қажет

— ҚТЖ бойынша есеппен бірге, алдағы уақытта штаттың 30 мың адамға қысқаратыны туралы соңғы жаңалықтар айтылды. Бірақ орталық аппарат сол күйінде қалады.

— Пайдасыз штат барлық ұлттық компанияларда бар. Бұл сектордың ашықтығына қойылатын талаптардың  айтарлықтай әлсіз екенін көрсетеді.

Мемлекет белгілі бір тәртіп орнатуға тырысқанымен,  бірақ іс жүзінде тереңге бармайды

Көбінесе бейінді министрліктер бейінді ұлттық компаниялардың қарауында болады, олар министрліктегілердің туыстарын жұмысқа орналастыру, қажетті мамандардың ақысын жасырын түрде төлеу арқылы көмектеседі.  Сондықтан саяси шешім қажет. Қазіргі формада жүйе бассыздыққа тап болды.

— Сіздің ойыңызша қандай саяси шешім қабылдануы керек?

— Қазіргі уақытта мемхолдингтер экономикаға ауыртпалық салып отыр.

Ұлттық компанияларды табиғи монополияларға бөліп, бейінді министрліктерге қатаң монополияға қарсы реттеуге беру керек

Соңғы жылдары квазимемлекеттік сектор өзіне алған функциялардың ішінде бейінді емес функциялар да бар. Мысалы, темір жол, мұнай-газ құбыры және электр желілері – табиғи монополия. Бірақ электр энергиясын өндірудің мемлекеттік басқаруда болуы міндетті емес. Мұнай өндіру де  бәсекелестік ортадағы процесс.

Ал ҚМГ бір мезгілде «Қазтрансойл» мен «Қазтрансгазды» басқарады, ал екінші жағынан бәсекелес ортада мұнай өндіреді. Міне, осы себептен де ұлттық компанияларды бейінді бағыттар бойынша бөлшектеу орынды деп санаймын.

— Назар аударып қарасақ, ұлттық компаниялардың штаттын қаншалықты оңтайландырғанмен, олар оны тез арада қайта көбейтіп алады?

— Шынымен де солай. Бейінді емес функциялар мен аппараттарды қысқартқаннан кейін, оларда қайтадарн кеңейту процесі жүреді. Әртүрлі «еншілес», «серіктестері» және т.б. пайда болады. Бірақ бұл алаяқтықтың қалай жұмыс істейтінін менеджмент қана түсінеді.

Квазимемлекеттік секторды қайта құру қажет. Қазақстан экономикасы оған емес, ол Қазақстан экономикасы үшін жұмыс істеуі керек

Мемлекеттік холдингтердің депозиттік саясатына қатысты да мәселелер бар. Мемлекет квазимемлекеттік секторды қаржыландырып, оның иелігіне одан әрі дамытуға миллиардтаған соманы аударады. Алайда, бұл ақша нақты жұмыс істеудің орнына екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне аударылады. Іс жүзінде квазимемлекеттік сектордың қаржы ағындары нақты экономикаға қандай да бір пайда әкелмейтін банк секторын одан әрі қоректендіру құралы болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз