Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Белорустер Лукашенкодан шаршады, Ресеймен одақтасуды қалайды — Сұлтанов

431
Еуропалық даму жолы туралы ұрандар ірі қалалардағы жастар тобының арасында ғана танымалдыққа ие. Алайда, қоғам отыз жылдық өзгеріссіз биліктен шаршады. Шынымен де өзгеріс орнататын уақыт келді, ендігі мәселе Беларусь билігінің мұны түсінуінде.

Лукашенко көптің көңілінен шықпай жүр

— Болат Қылышбайұлы, Лукашенко шынымен де жеңіске жетті ме, әлде оппозиция айтқандай,  ойсырап ұтылып,  нәтижелерді қолдан жасады ма?

— Бұл объективті нәтижелер және олай болары алдын-ала белгілі болды. Байқаушылардың барлығы дерлік Лукашенконың жеңетініне сенімді болды.

Лукошенко президент болып қала ма?

Алайда, бұл жағдайда көптеген нюанстар бар.

Беларусте Тихановскаяға берілген дауыстардың 10%-ы өте жоғары көрсеткіш. Минск пен ірі қалалардағы жастар әсіресе Лукашенкоға қарсы белсенді дауыс берді. Оның объективті себебі де бар. Біріншіден, Лукашенко таңдаған ел дамуының экономикалық векторы ықпал етті. Яғни, 1991 жылға дейін болған нәрсені сақтап, экономиканы мемлекеттік басқаруға алуы.

Мұнда Лукашенко мен марқұм Ислам Каримов арасындағы ұқсастықтар туралы айтуға болады. Олар көп жағдайда бір-біріне жақын саясат жүргізіп, күшті мемлекеттік басқаруды жақтады және біз еркін нарық деп атайтын экономикалық режимге қарсылық көрсетті.

Яғни

наразы көңіл-күйінің негізінде Лукашенко құрған экономикалық қатынастарға наразылық жатыр,

Коронавирус та қоғамдағы көзқарасты шиеленістірді.

Алайда кеңес заманынан қалған Денсаулық сақтау жүйесі жақсы нәтиже көрсете білді

Олардың қоғамдық денсаулық сақтауға негізделген  модельден алыстап,  адамдардың денсаулығына емес, пайда табуға негізделген нарыққа көшкен посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардан біршама артықшылықтары болды.

Пандемия кезінде Лукашенконың авторитарлық тәсілі де адамдардың наразылығын тудырды. Ол біресе маскаларды киюге қарсы болды,  кейін ол әскери шеру өткізді.

Еуропада белорустерді ешкім күтіп отырған жоқ

— Ақыр соңында

қоғам Лукашенконың көпжылдық билігінен шаршады

Ол қарапайым нәрсені, оның уақыты кеткенін және қазір жаңа ұрпақ өсіп, елді басқарудың жаңа әдістері қажет екенін түсінбейді.

Сонымен қатар, Лукашенконың Ресей мен Батыс арасында бұлғақтап отырғанына бәрі бірдей риза емес. Ал оның сайлау алдындағы әрекеттері оның екі жақ үшін де күтпеген әрекетке бара алатынын көрсетті. Сайлаушылардың көпшілігі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынас бағытын қолдайды.

Жастардың бір бөлігі Украинада танымал болған ұрандарды қайталауда.

Олар Беларусь те Еуропа  және Еуропалық даму жолымен жүруі керек деп есептейді

Бірақ  көпшілігі Еуропада белорустарды ешкім күтіп отырмағанын түсінеді. Олар Батыс саясаткерлері үшін қазір  Ресейге қарсы құруға тырысып жатқан кордонның элементі ретінде ғана қызығушылық тудырады.

Айтпақшы, наразылық білдірушілердің әдістері де Украиндағы жағдайға ұқсас. Мұндай адамдарды сырттан қаржылық және ақпараттық-насихаттық қолдаусыз жинау мүмкін емес екенін атап өткім келеді. Видеода физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған жастардың  ұйымдасқан түрде кордондарға жүгіріп, билікті тәртіпсіздікке итермелеуге тырысқаны айқын байқалады. Бұл Беларустің наразылық әлеуетінің бөлігі және оған күшті насихаттық және қаржылық қолдау көрсетілген.

— Яғни, наразылықтар жасанды түрде ұйымдастырылған деп ойлайсыз ба?

— Толық сенімдімін.

Жаппай сайлаушы көбінесе кертартпа пікірде болады

— «Қоғам Лукашенкодан шаршады» және «көпшілігі оған объективті түрде дауыс берді». Қалай болғанда да, бұл екі тезистің басы бірікпейді. Егер шаршаса, онда қарсы дауыс беру керек еді.

— Көптеген адам Лукашенконың авторитаризміне, оның атүсті ойларына риза емес.

Бірақ көпшілігі сыртқы саясаттың негізгі қағидаларының өзгергенін қаламайды

Тихановская және басқалары біз Беларуссияның Еуропаға кіргенін қалаймыз дейді. Бірақ адамдар Украинаның тәжірибесіне қарап, оның нәтижесін бағалап отыр.

Тінтулер, тұтқындаулар мен наразылықтар — биыл Белорусте өтетін президент сайлауы несімен есте қалады?

Еуропалық Беларусь туралы бірнеше ірі қалалардағы жастар ұрандауда. Ауылдық жерлердегі сайлаушылар консервативті пікірде.

— Минскіде белорустік майданының болуы мүмкін бе?

— Қазір онда майдандағы жағдай қайталануы мүмкін емес. тағы да айтамын, көпшілігі Лукашенко үшін емес, оның сыртқы саяси бағдарламасы үшін дауыс берді. Елде «еуропалық бағытты» жақтаушылар өте аз.

Минскідегі наразылықтардан біздің элита сабақ алуы керек

— Экономикалық жағдайдың күрт нашарлауы, билік органдарының беделін түсіру, басқару әдістеріне наразылық жаппай наразылықтардға себеп болады. Беларусте бұндай жайттар жақын арада болады. Бірақ Лукашенко саяси элитаның ескі жолмен басқаруға болмайтын түсінді. Жаңа тәсіл қажет.

— Украина туралы сөз қозғаған екенбіз, онда Майданға жаппай қолдау көрсетілді ме? Әлде оған шектеулі, бірақ жақсы ұйымдастырылған күштер ықпал етті ме?

— Біріншіден, Батыс және Шығыс Украина бар. Естеріңізде болса, олар кезек-кезек жеңіске жетті. Бірақ ең бастысы — Украинадағы жағдай халыққа жылдар бойы жүргізілген ұлтшылдық саясаты жағдайды шиеленістірді.

Хрущев 1953 жылы билікке келген кезде, Украина орталықтан үлкен субсидиялар ала бастады. Қайта құру басталған кезде қаржылық ағындар аяқталды. Сонда

саяси элитаның ұлтшыл бөлігі мұны халықтың едәуір бөлігін алдау үшін пайдаланды

Қазір Батыс Украинаның ұстанымдары мен көзқарастарына негізделген өте күшті ұлтшылдық пікірлер бар. Бүгінде оны шығармашылық интеллигенцияның көмегімен тұтандырып отыр. Бұл Кравчук, әсіресе Ющенко кезінде болды. Әзірге Беларусте біз мұндай нәрсені байқамаймыз.

Лукашенконы батыл қадамдарға итермелеу үшін топтар құрылған да шығар.

Минскідегі және басқа да ірі қалалардағы бүгінгі оқиғалардан саяси элиталар, соның ішіндегі біздің билік сабақ алуы керек. Ескі әдістерден батыл бас тартқан жөн.«Біз өзгерістердің болғанын қалаймыз» ұраны бекер айтылмаған. Бізге  өзгеріс керек, сондықтан біздің билік Беларуссияның тәжірибесін ескеріп, дамудың жаңа кезеңінде елді қайта құруда шешуші рөл атқаруы керек. Адамдар жақсы өмір сүргісі келеді, сондықтан Президент Тоқаев қазіргі жағдайды өзгертуі қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз