Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еуропа Кеңесі Түркияны адам құқығын бұзбауға шақырды

Ягланд – 16 шілдеге қараған түні болған әскери бүліктен кейін Түркияға келген ең жоғары лауазымды еуропалық өкіл. Анкара бүліктің артында қазір АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетуллах Гүлен тұр деп есептейді. Бірақ Гүленнің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Түркия сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен кейін 10 мыңнан астам адамды ұстады, шамамен 70 мың мемлекеттік, полиция және әскер қызметкері жұмыстан босатылды немесе қызметтен шеттетілді. Елде төтенше жағдай енгізіліп, адам құқықтары жөніндегі еуропалық Конвенция жұмысы уақытша тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз