Сарапшылар еуропалық валютаның шілде айындағы серпілісі әлемдік қаржы нарығындағы түбегейлі өзгерістердің бастауы ғана екеніне сенімді.
Еуро үшін соңғы онжылдықтағы ең жақсы ай инвесторлардың көңіл-күйін айтарлықтай өзгертті. Капиталды басқарушылар еуропалық валютаның бұдан кейінгі перспективалары туралы оптимистік пікір білдірді.
https://kaz.365info.kz/khazakhstan-kedej-elderge-komek-korsetpek-khandaj-makhsatpen-zhane-ne-yshin-351288
Бұл Еуропалық Одақтың құтқару қорының ұзақ саяси сауда-саттықтан кейін «Бюджеттік келісім» жасауына байланысты. Тағы бір фактор: ЕО-ның коронавирусты бақылау және экономиканы жандандыру жөніндегі күш-жігері АҚШ-тың саясатының қасында сенімдірек болып көрінеді.
«Бұл осы немесе келесі жылы өсу немесе кез-келген циклге қатысты жасалған болжам емес. Бұл шынымен де құрылымдық нәрсе», —деді Петерсон халықаралық Экономика институтының аға ғылыми қызметкері Николас Верон. — «Бюджеттік келісім қаржы нарықтарының еуроаймаққа деген көзқарасын айтарлықтай өзгертеді».
Әңгіме құны 750 млрд еуро болатын ЕО экономикасын құтқару жөніндегі шаралар пакеті туралы болып отыр. Бірлескен облигацияларды сату арқылы қаржыландырылатын құтқару қоры инвесторлардың одақтың құлдырау мүмкіндігі туралы алаңдаушылығын азайтуға көмектесті.
Еуропалық орталық банктің бағдарламалары қолдау көрсеткенімен итальяндық және неміс облигацияларының кірістілік айырмашылығы ақпаннан бастап ең төменгі деңгейді сақтады. Наурыз айының басында ол өте жоғары болды, бұл бірден бірнеше елдің блоктан шығуы туралы сөз қозғауға себеп болды.
«Бұл еуроға күшті серпін болды», — деді Morgan Stanley-де еуропалық пайыздық мөлшерлемелер стратегиясының жетекшісі Тони Смолл.
Шілдеде еуроның 4,8%-ға секіруі валютаның 2008 жылдан бері қарайғы шектен өтіп, әлеуетін аша түсті. Сондай-ақ, бұл аналитиктерді еуроға қатысты болжамдарын қайта қарауға итермеледі.
Валюта тамыз айында бір орында тұрақтап қалғанымен, CFTC мәліметтері бойынша, бағалы қағаздың бұл түрі бойынша позициялар тарихи максимумға дейін жеткен.
Бұл позициялар американдық валютамен салыстырғанда ерекше күшті көрінеді. Bloomberg есептеулеріне сәйкес, доллардың таза қысқа позициялары негізгі әріптестермен салыстырғанда 2012 жылдан бастап ең жоғары деңгейге дейін өсті.
АҚШ долларының индикаторы шілде айында соңғы екі жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. АҚШ-та вирус жұқтырған адамдардың 5 миллионнан асып кетуі бұл жағдайды шиеленістіреді. Вашингтондағы экономикалық көмек туралы заңға қатысты даулар мен алдағы президенттік сайлауға қатысты түсініксіз жағдай да теріс әсер етеді.
Бұл тәуекелдер еуроға пайдалы болды, дейді сарапшылар. Көбісі еуро аймағының экономиканың жаңаруы мен вирустың өршуі арасындағы байланысты үзе алатындығы туралы айтады. Бұл өсу болжамын арттыруға көмектесті.
Bloomberg бағалауы бойынша, Еуропадағы оқшаулау мен алғашқы құлдырау айтарлықтай болғанына қарамастан, 2021 жылы жалпы ішкі өнім 5,5%-ға өседі. Бұл АҚШ-қа қарағанда шамамен 1,5%-ға жылдамырақ.
Халықаралық Валюта Қорының мәліметтері бойынша, 1992 жылдан бері бұл тек сегіз рет орын алған.