Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
472
-0.99
EUR
539
-1.75
RUB
6.17
+0.06

Алматыда түнгі заңсыз жарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды

Тәртіп бұзушыларды патрульдік полиция экипажы байқап қалған. Ақпарат бірден радио байланысы арқылы басқа жасақтарға беріліп, бірнеше минуттан кейін полицейлер Рысқұлов даңғылының Құдерин көшесінен батысқа қарай орналасқан бөлігінде көліктер легін тоқтатқан. Жалпы саны 10 автокөлік, оның ішінде бірнеше қымбат көлік тоқтатылды.

«Әрбір жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде апаттық жағдай туғызғаны және маневр жасау қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік материалдар рәсімделді. Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылды», – деп мәлімдеді ведомство.

Алматы қаласының Полиция департаменті көшедегі заңсыз жарыстар жүргізушілік шеберлікті көрсетудің белгісі емес, керісінше адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салды. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтардың жолы кесіліп, оған қатысқандар заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз