Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
480
-1.46
EUR
547
-1.86
RUB
6.13
-0.01

Оқу-ағарту министрлігі: Жаңа Конституция әр баланың сапалы білім алу құқығын күшейтті

Сонымен қатар  Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі.

Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді. Бұл мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында оқитын барлық балалар үшін тұрғылықты жеріне немесе отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа конституциялық нормалардың өскелең ұрпаққа түсінікті әрі қолжетімді болуы мақсатында Оқу-ағарту министрлігі құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды, ал 8–11-сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.

Жаңа мемлекеттік құндылықтарды тәжірибе жүзінде дәріптеу жұмыстары  басталып кетті. Атап айтқанда  25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараға бір мезетте 3,9 миллионнан астам қазақстандық мектеп оқушысы қатысты.

Қабылданып жатқан шаралар балаларға құқықтық білім берумен ғана шектелмей, олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламалары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алатын, Әділетті Қазақстан құндылықтарын қолдайтын, ғылым мен білімнің елдің табысты болашағы үшін маңызын терең түсінетін заңға бағынатын, жауапты әрі отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз