Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ескі көлігін өткізгісі келетіндер арнайы сайттан бағаны біле алады

Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 3,5 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер қабылданады. Ал утилизациялық төлемнің көлемі автомобильдің теxникалық жағдайына қарай белгіленеді. Толық комплектациясына 150 000 теңге берілсе, істен шыққан көліктер үшін 48 000 теңге төленеді.

Қазіргі кезде республика бойынша 17 қалада қабылдау бекеттері жасақталды.

“Ескі көлікті тапсыру үшін алдымен сол аймақта квотаның бар-жоғын тексеріп алу қажет. Сондай-ақ www.avto.recycle.kz сайтынан көліктің қай санатқа жататынын білуге мүмкіндік бар. Енді, дәл қазір біз есікті бөлек, шанақты бөлек есептеп жатқан жоқпыз. Әзірше, екі-ақ категория бар. Ол – 150 және 48 мың теңгенің өтемақысы”, – дейді “ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) Операторы” ЖШС басқарушы директоры Рустам Темірбеков.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында ескі көлікті қабылдау бекетіне дейін жеткізу қызметі қарастырылмаған. Сондықтан көлік иесі оны өз күшімен алып келуі тиіс. Алайда кейбір жерлерде ескі көліктерді жинап, бәрін бірден қабылдау бекетіне жеткізуге ниет білдіргендер бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз