Шығыс Қазақстан облысында орналасқан өзендер кенерінен асып, тасуы ықтимал.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
«Наурыздың 31-і мен 2 сәуір аралығында жоғары температуралық фонға және жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Осыған байланысты су басу қаупі бар және су тасуы мүмкін», – делінген хабарламада.