Бүгін Алматы облысында қатты дауыл тұрып, тауда қар көшкіні болуы ықтимал.
Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді.
„Жетісу Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен (49мм) және қар жамылғысының биік болуынан 16-17-қараша аралығында қар көшкіні болуы ықтимал. Қар көшкінінен сақтану үшін адамдарға тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда, абай болыңыз„ делінеді арнайы қызметтің ескерту хабарламасында.