Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ешкімге ұқсағым келмейді…”. Әлішер Кәрімов өзін гей дегендерге жауап берді (видео)

311

https://kaz.365info.kz/tauekeldin-gana-akesi-emes-ajgili-sabyr-mysilimnin-sirek-videosy-zhariyalandy-324323

– Сенің саханаға шыққанға дейінгі сән үлгілеріңді, тіпті шетелге шықпай тұрғанда Димаш Құдайбергеннің өзі қайталайтын. Нәскисіз туфли кию дегенді көрсеттің шоу-бизнеске. Қазір неге ол жоқ?

– Иә, мен өте сәнқоймын. Сыртқы келбетімнің тамаша болуы үшін өте көп ақша жұмсаймын. Себебі кәсібімнің талабы сондай. Мен киген киімді менен көріп басқалар да киіп жатады. Бірақ оны көшірмелеу деп ойламаймын. Ұнатқан шығар, басыбайлы дүнием емес қой, кисін бәрі.

Ал Димашқа келсек, ол менің көз алдымда өсті. Жасөспірім кезінен таныспыз. Оған үнемі ақылымды айтып отыратынмын. Республика сарайында өткен менің концертімде ән шырқаған. Мен оны қолымнан келгенше қолдап отырдым. Әкесі де өте жақсы кісі.

https://kaz.365info.kz/mynyn-ne-senin-makhpal-zhynisova-roza-rymbaevaga-kharsy-shykhty-324119

Ол кісі де маған қолдау көрсетті. Екі рет Ақтөбеде жеке концертімді өткіздім. Қазір ол әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Оның сахналық бет-бейнесі, киім киісі маған қатты ұнайды.

Журналист одан өзі туралы жаман сыбысқа қатысты көзқарасын сұрауды ұмытпады (Үйленбей жүргеніне қарап, Әлішерді көбісі гей деп санайды). Оған ол былай жауап берді:

https://kaz.365info.kz/korsetem-senderge-eregesken-mejrambek-bespaev-sahnadan-ketpekshi-video-324223

– Айта берсін, мен оған көңіл бөлмеймін. Әлі де айтады. Бұл олардың құқығы. Өйткені маған ең жаманы – басқаларға ұқсау. Мен ешкімге ұқсамайтын адам болғым келеді.

Қайдан шығарып алады осы? Бұрын гей деген, енді бір қыздарға қосып жүр. Ал шынында қазір үйлену туралы ойлап жүргем жоқ. Өйткені үйлену деген ойыншық емес. Бұл өте жауапты іс. Қазір тез үйленіп, тез ажырасып жатады. Мұндай жауапсыздыққа мен жол бере алмаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз