Кешелі бері Ертіс өзенінің деңгейі 40 сантиметрге дейін көтеріліп, кенерінен асты. Салдарынан Өскемен қаласы шетіндегі „Ертіс-2„ бау-бақша бірлестігінің 57 сая-жай телімін су басты. Құтқарушы қызметіндегілер 102 адамды эвуакациялады. Оның 31-і қарт адамдар болса, жетеуі – кішкентай бала.
Төтенше жағдай орнына 10-нан аса техника жұмылдырылған. Су басқан аумақтың кейбір тұрғыны үйін тастап кеткісі келмей, қиындық туғызған.
Құтқару бөлімінің қызметкерлері тәулік бойына жұмыс істеп жатыр. Олар мониторинг жүргізіп, су деңгейін бақылауға алған.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, облыста, әзірге жағдай тұрақты, ал Глубокий, Ұлан және Шемонайха аудандарында су басу бойынша мәлімет тіркелген жоқ.
Дегенмен аталған аудандардың су басу қаупі жоғары. Өйткені соңғы он күнде аймақтағы су қоймалары мен гидротехникалық нысандардағы судың мөлшері ең жоғары деңгейге жетті.
Ертіс өзенінің көтерілуіне аймақтағы екі ГРЭС-тен көп мөлшерде жіберілген су мен соңғы бірнеше тәулікте толсассыз жауған жаңбыр да өз әсерін тигізді.