Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ертең Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кездеседі

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі шеңберінде Астанада осы ұйымға мүше мемлекеттердің әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» атты ІІІ-ші халықаралық фестивалі өтеді.

Дәл бүгін, кешкі сағат 20.00-де Астананың төрінде орын тепкен «Бәйтерек» монументінің алаңында барлық өнер сүйер қауым ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің өнерін тамашалай алады.

Фестиваль 8-маусымда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының алдында ғаламат плац-концертпен аяқталады.

Сондай-ақ kommersant.ru сайтының мәліметінше, РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу осы жиын аясында ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездеседі деп жоспарланған. Кездесуде қос елдің министрі Ақтөбедегі оқиғаға байланысты аймақтағы қауіпсіздік және лаңкестікке қарсы тұру шаралары, әскери-техникалық әлеует мәселелері талқыланбақшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз