Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ерке Есмахан: Мен баламды ойлағандықтан да көп нәрсені жасырып қалдым

111

Бағдарлама барысында Ерке Есмаханға: „Сіз бұрынғы күйеуіңіз туралы бірнеше рет сұқбат бердіңіз. Оны Интернеттен тез тауып алуға болады. Егер ертең ұлыңыз ер жетіп, оны көріп: „Мама неге бұлай еттің„ деп ренжиді деп қорықпайсыз ба„ деген сауал қойылды.

– Мүмкін ұлым ол сұқбатты көріп, сұрақты маған емес, әкесіне қоятын шығар…

Негізі, мен баламды ойлағандықтан да көп нәрсені жасырып қалдым. Ол жер айтылған нәрсе жәй шет жағасы ғана ғой.

Онда да қара күйенің барлығы маған жағылды. Әр пенде өзін қорғауы керек қой: өтіріктен, жаладан дегендей. Сондықтан бұл менің заңды реакциям. Мен өзімді қорғадым.

Ол жерде ол кісінің еңсесін түсіретіндей ештеңе айтқаным жоқ.

Ол кісінің жасаған қылықтарын, істеген істерін ғана айттым. Шындықты айттым. Ол кісі өтірік айтты не болмаса ертең ұлы өсіп, алдына барғанда одан жалтарса мұны ол кісінің өз арына қалдырдым…

Мен ол кезде (тұрмыстағы кезі) кішкентай едім. Қазір мен өзгердім. Қазір мен мүлде басқа Ерке Есмаханмын. Сынақ адам баласын өзгертеді, – деді әнші.

Сондай-ақ ерке ару әңгімесі барысында ұлының бүгіндері өзінің әке-шешісінің қолында Ақтөбеде тұрып жатқанын, оны әкесі жаққа мүлде жібермейтінін де айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз