Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Ереванда жүздеген адам тағы да полиция ғимараты алдына жиналды

Полиция оларға қарсы ешқандай іс-әрекет жасап жатқан жоқ. Куәгерлердің хабарлауынша, басып алынған ғимарат маңында атыстың дауыстары естіледі. Белсенділердің айтуынша, бұл полиция ғимаратын басып алған қарулы топтың акцияға қатысушыларды қолдау білдіргендері.

Ереванда өткен бейсенбі күні полиция ғимараты жанына келіп ереуілдеген 136 адамды ұстағандығы туралы хабар тараған. Армения тергеу комитетінің мәліметі бойынша, 28 адам ұсталған. Оларды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптайды.

Қарулы топ Ереванның Эребуни ауданындағы полиция полкі штабын 17 шілде күні таңертең басып алған. Шабуыл кезінде бір полицей қаза тауып, алтауы жараланған. Қазір топ төрт адамды кепілде ұстап отыр және олар “Құрылтай парламенті” оппозициялық қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянді босатуды талап етеді. Сефилян өткен айда заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыппен қамалған. Олар сонымен қатар Армения президенті Серж Саргсяннің отставкаға кетуін де талап етеді. Билік талапты орындаудан бас тартып, қарулы топпен өз еркімен берілу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз