Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Ерегесіп…”. Нұржан Керменбаев аяқ-асты үйлене салғанын айтты (видео)

232

 

https://kaz.365info.kz/nyrzhan-shlyapanda-sheship-tasta-mysterions-tobynyn-anshisi-dilen-zhyrttan-ne-zhasyryp-zhyr-274560

Сол шақта болашақ жарын іздеп жүрген Нұржан Назеркеге ашығын айтқан. Тіпті, Алматыға келуін өтінген. Ал әншіге жылы қабақ танытқан Назерке тағы екі ай өткен соң ару қала Алматыға анасымен бірге келген.

“Нұржан екеуміз кездестік. Кішігірім сұхбат болды. Сол күннің ертесіне Нұржан үйіне алып барып, өзінің отбасымен, анасымен таныстырды”, – дейді Назерке.

“Мен жанкүйерім ретінде таныдым. Сезімнің бәрі үйленгеннен, тіпті бала туып бергеннен кейін оянды деп айтсам да болады. Өйткені басында қатты бір сезімге берілдім деп айта алмаймын.

Бірақ Аллаға шүкір, дәл осылай үйленген достарымды көрдім. Біраз адамға қызық бұл дүние. Қалай жақсы көрмей, жүрмей үйленуге болады дейді. Біз жүрген де жоқпыз, бар-жоғы үш-ақ рет кездестік.

Содан кейін бірден үйдегілер ұзата ма әлде алып кетейін бе деп сұрадым. Бір үйдің жалғыз қызы екенін, ұзатылатынын айтты. Кейін Тараздан ұзатып алып келдік. Содан кейін басталды ғой сезімнің бәрі”, – деп ағынан жарылды Нұржан.

 

 

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз