Вашингтонда Түркия елшілігі резиденциясының алдында президент Режеп Ердоғанның жеке күзетшілері наразылық білдіруші күрд және армян өкілдерімен төбелесіп қалды. Екеуі ұсталып, тоғыз адам жарақат алды деп хабарлайды жергілікті билік.
Қақтығыс 16 мамырда түстен кейін болған. Наразы топ Ердоғанның жақтастарына, соның ішінде президенттің жеке күзетшілеріне шабуылдаған.
Қақтығыс Ердоған Ақ үйде болып, АҚШ-ты Сириядағы күрд армиясына көмектесіп отырсыңдар деп сынағаннан кейін орын алған.
Ердоған «Демократиялық одақ» және оның Халықтың өзін өзі қорғауы қарулы қанаты секілді террористік ұйымдарға жол берілмеу керек деп мәлімдеп, бұл топтармен әріптестік орнату ақылға келмейтін іс деп атаған.