Денис Теннің өміріне шабуыл жасаған күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов жағдайы төмен отбасында тәрбиеленген. Сондай-ақ, оның ата-анасы көп жағдайда сөзге келіп қалады екен. Бұл туралы NUR.KZ-ке сенімді дереккөздердің бірі хабарлапты.
“Нұралыны бала кезінен танимын. Олар үйінде үш ұл, бір қыз болып өсті. Шыны керек, оның тәрбиесіне отбасындағы жағдай көп әсер етті. Өйткені, ата-анасы жиі сөзге келетін. Соған қарамастан, ол үнемі көңілді әрі жайдары жүретін жігіт. Дәл қазір олар бірге тұрады, десе де, балаларының тәрбиесіне бұл тікелей кесірін тигізді. Нұралы жанұясындағы ең ақкөңіл бала еді”, – дейді Қиясовтың танысы.
https://kaz.365info.kz/ej-erkekter-bajzakhova-auzyna-kelgendi-ajtty-foto-324860
https://kaz.365info.kz/sezipti-goj-denis-tennin-kozi-tirisinde-ne-degenin-bilesiz-be-video-324804
https://kaz.365info.kz/tilinen-tapty-denisti-oltirgenderdi-madakhtagan-mygalim-sottalgaly-zhatyr-324793