Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Енді қайттік? “Астанадан” Каньяс кетіп қалды

©apoelfc.com.cy

26 жастағы футболшы бүгін АПОЭЛ сапында медициналық бақылаудан өтіп, келісімшарт жасапты. Футболшы мен клуб 2017 жылдың соңына дейін шартнамаға қол қойған. 

Жаңа клубының қатарында колумбиялық жартылай қорғаушы 80-ші нөмірмен өнер көрсететін болады. 

Айта кетейік, Рохер Каньяс “Астана” сапында 2014 жылдан бері ойнап келген. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.

“Астана” клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық “Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз