Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Емшекті тегін жасаймыз”. Ақтөбелік дәрігерлер әйелдерді отадан қорықпауға шақырды

134

Ақтөбеде «Жаңа технология күні» акциясы өтті. Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маммология орталығының басшысы Шынар Талаева келіп, үш күнде үш әйелдің омырауына имплант салып берді.

«Әйелдер омырауында ісік, жара бар екенін білсе де дәрігерге дер кезінде бармайды. Олар дерт анықталса омырауымыздан түгел айырылып қаламыз деп қорқады.

Қазір жергілікті дәрігерлер сүт безін сақтап қалудың жолдарын біледі. Әйелдер үшін отадан кейін қалпына келу өте қиын екенін білеміз. Қазір омырауынан айырылғанда оның орнын толтырудың жолы бар. Имплант орнату отасы ақысыз жасалады»,- деді Шынар Талаева.

Айта кетейік, Ақтөбеде сүт безі обырының өлім көрсеткіші І-орынға шықты. Жыл басынан бері 50 нәзік жандыдан омырау дерті арықталып, 20 әйел сүт безі обырынан қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз