Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Емханадағы дәрігерлер орта медициналық қызметкерлердің жұмысын істеп жүріп бар білгендерін ұмытып қалады

282

Төлебай Рахыпбеков, сурет astanatv.kz сайтынан алынды

 

Қазірдің өзінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесіне инновациялық жобалар енгізіліп, қолданылуда. Бұл дегеніміз

рецептсіз емханалардың ашылуы, онда емделушіге дәрігердің қабылдауынан бастап, жедел көмек көрсетуге дейінгі толық медициналық көмек көрсетіледі

Алайда Әлеуметтік медициналық қаржыландыру қорынан түсетін қаржыландыруды тегін көлем мен сақтандыру қаражатына бөлгендіктен мұнда да жұмысты баяулататын кедергілер бар.

Әмбебеп дәрігер

— Яғни тар бейінді маманға екі-үш ай бұрын жазылу мәселесі осыған қатысты ма?

— Жоқ, бұған қатысты емес. Шын мәнінде тар бейінді мамандарға кезекте немесе тіркеуде тұрғандардың 80 пайызы олардың қабылдауына зәру емес. Мен  Жезқазған облысында ересек халықтың неропотолог дәрігерге қажеттілігі 2 есеге қысқарғанын өз көзіммен көрдім. Себебі келген адамдардың басым көпшілігі жай отбасылық дәрігер де емдей алатын остеохондроз дертімен келеді.

Ал балаларға невропатологтар 2 есе көбірек қажет, өйткені олардың 98% церебральды сипаттағы проблемалармен туады.

Сондықтан аурудың мониторингі қажет. Дәрігерлер функциясының 60-70%-ын орта медицина қызметкерілері өз мойнындарына ала алады. Тар мамандар күн сайын  көз қысымын өлшеу, аудиометрия, құлақ жуу секілді пайдасыз жұмыспен айналысады.

Олар емханада осындай жұмыспен айналысып, бар білгенін ұмытып қалады. Ал негізінде ота жасайтын үстелдің жанында тұрып, жағдайы ауыр науқастарды емдеуі керек

Мен, мысалы, шағын емхананың бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істедім. Оларды көктемде және күзде әсерге шақыру комиссиясына кетеді. Мен осы уақытта лор, окулист, хирург болып жұмыс істедім. Сол кезде түсінгенім, әрқайсысы бір ставкаға жұмыс істейтін сонша дәрігер керек емес. Мен көз түбін көре аламын, көз қысымын өлшей аламын, құлақ жуып, диагноз қоя аламын.

Тар бейінді мамандарға деген махаббат кеңестік кезеңдерден келе жатыр. медицинаны мамандандырғаны соншалықты, қажет емес мамандар көбейіп кетті.

Қаншалықты күпірлік болып естілгенімен, медициналық көмектің қолжетімсіздігі адамның денсаулығына оң әсер ететіні ғылыми түрде дәлелденген

Себеб олар дәрігердің қабылдауына бара алмаса, өздерінің денсаулығына көбірек қарайтын болады.

Әлемдік тәжірибе

Емханалардың тар бейінді мамандары стационарларға жіберілуі керек. Біздің қауымдастық осыған қолқалап отыр, бірақ министрлік әлі бір шешімге келе алмай отыр. Осындай дәрігерлер күрделі емес опрецияларды емханада жасай аласа, бұл үлкен жетістік болар еді. Олар емделушілердің соңынан термометр алып жүрудің орнына, тек өздерінің дәрігерлік мндеттерін ғана орындайды.

Оңтүстік Кореяның тәжірибесін зерттеп көрдім. Онда дәрігер тек үш минутқа келіп,  емделушімен сөйлеседі де кетеді. АҚШ-ат бір отбасылық дәрігердің төрт кабинеті бар. Онда науқастар дайын талдауларын қолдарына алып, күтіп отырады.

Ал біздің ауруханадағы емделушілер емдеуші дәрігер келіп олардың қарнын сипап, қысымын өлшегенге үйреніп қалған. COVID-19 пандемиясы мен стационарларда орын жетіспеушілігі науқастардың 99%-ын үйге шығаруға болатынын көрсетті

Госпитальдық көмекке мәжбүрлік әдеті — ең дұрыс тәсіл емес. Барлығы ауруханада біраз жатып, демалалғысы келеді.  Бас штаттан тыс кеңес анестезиологы Аветик Бурназян айтқандай, «халық әлемдік мұхитқа қарағанда инфузиялық терапия теңізіне» көбірек түседі. Мен бұл құбылысқа «емдеу әдеті» деген қысқаша анықтама берер едім.

Кешкі стационарлар 2-3 дәрі тамызғыш үшін стационарда тәулік бойы жүретін пациенттердің мәселелерін шешеді. Қазір  күндізгі стационарларға қарағанда солардың қажеттілігі жоғары. Жалпы, көптеген диагностикалық қызметтерді тәулік бойы көрсету керек. Сонда кезек, дүрлікпе, сын болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз