Қазақстанда әрбір қарыз алушы үшін несиенің ең жоғары сомасы шектелмек. Жаңа лимит адамның ресми табысына байланысты болады. Ұлттық банктің қаулы жобасы 20 мамырда жарияланды. Егер құжат қабылданса, жаңа ережелер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Негізгі өзгеріс – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін (ҚТҚК) енгізу. Енді банктер адамның тек ай сайынғы төлемін ғана емес, барлық қарыздарының жалпы көлемін де есепке алады.
Есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
Банктер несие өтінімі берілген сәттегі қарыздың бастапқы сомасына емес, қалған берешек көлеміне қарайды. Мысалы, егер адамның ресми айлық табысы 500 мың теңге болса, оның жылдық табысы 6 миллон теңге болады. Мұндай жағдайда барлық несиелер бойынша жалпы лимит шамамен 48 миллион теңге болуы мүмкін.
Егер қарыз алушының бұрыннан мынадай берешектері болса:
Онда қарыздың жалпы қалдығы – 20,35 миллион теңге. Сәйкесінше, банк жаңа несиені тек қалған лимит шегінде ғана мақұлдай алады.
«Жаңа ережелер халықтың қарыз жүктемесін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, ипотека немесе автонесие үшін әзірге бөлек шектеулер енгізу жоспарланбаған – лимит барлық несие түріне ортақ болады», – дейді Ұлттық банктегілер.
Болашақта ипотека алуды жоспарлаған азаматтарға ұсақ несиелер мен бөліп төлеулерді алдын ала жауып, мерзімі өткен қарыздарға жол бермей, ресми табысын растау ұсынылады.