Кеңес заманында пациенттер дәрігерлердің қамқорлық көрсетуін жақсы көрді, деп есептейді Primary health care Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков. Қазір олар сол қамқорлықты аңсайды, бірақ оның қажеті шамалы.
Неліктен шұғыл жағдайда дәрігерлер бірінші болып зардап шегеді?
90-шы жылдардың соңында еліміздің денсаулық сақтау саласына жетекшілік еткен медицина ғылымдарының докторы Төлебай Рахыпбеков бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын білдірді.
— Төлебай Қосабекұлы, сіздердің кезеңіңізде еліміз медициналық сақтандыруды енгізудің бірінші сәтсіз тәжірибесін бастан кешірді. 20 жылдан кейін біз осы тақырыпқа қайта оралдық. COVID-19 себеп болған жедел жағдайда жүйе өзін қалай көрсетті?
— Қазіргі медициналық сақтандыру іс жүзінде сақтандыру емес. Бұл жалақы қорына аударылатын салықтың жаңа түрі. Сондықтан қор әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры деп атады.
Себебі денсаулық сақтау шығындары 2 ағымға бөлінген: тегін кепілдендірілген медициналық көмек көрсету және сақтандыру бойынша қызметтер.
Медициналық ұйымдар алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде тегін қызмет көрсетеді. Ал консультативтік қызметтерге бағытталған сақтандыру бөлігі үнемделген
Сақтандыру жарналары — бұл арнайы ақша, тек денсаулық сақтау жүйесіне бағытталады. Ал бюджеттік ақша бюджеттен тыс қаржыға айналды. Енді оларды бюджеттік класификацияға қарай емес, басқаша бөлуге болады. Соның ішінде медициналық көмекке ақы төлеудің әртүрлі әдістемелерін енгізе отырып, медициналық қызметкерлерді ынталандыруға бағыттайды. Алайда мұның барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құрғанға дейін де қолданылған. Ол қалыпты жұмыс істеп келді. Денсаулық сақтау жүйесіне ақша жетпеген кезде осыған қатысты сұрақтар туындады. Ол әлемдегі кез келген елде және әрқашан тапшы болатыны анық.
Дегенмен, Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады, сондықтан тіпті қолда бар ақшалармен халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ ол тегін және сапалы болуы керек.
Мысалы, АҚШ-та денсаулық сақтауға ЖІӨ-нің 15%-ы, ал Ұлыбританияда — небәрі 6% -ы жұмсалады. Қызмет сапасы бірдей. Британдық жүйе көбінесе бюджет қаражатына тегін емдейтін жалпы тәжірибе дәрігерлеріне негізделген. АҚШ-та таза сақтандыру медицинасы қолданылады. Халық сақтандыру полисін сатып алады, ал оның негізінде жұмыс беруші өз қызметкерлеріне әлеуметтік пакет береді. Бірақ
америкалықтардың барлығы бірдей ақылы медицина қызметтерін пайдалана алмайды. Миллиондаған адамның тек шұғыл көмектің ақысын төлеуге ғана шамасы жетеді
Барак Обама жүйені полис сатып ала алмайтын 48 млн америкалыққа медицина қолжетімді болатындай реформалауға тырысты. Бірақ бәрібір еш нәтиже болмады.
Өкінішке орай, біздің денсаулық сақтау жүйесінде де, қоғамда да денсаулық сақтауды қаржыландыруды емдік-профилактикалық медициналық ұйымдарды қаржыландыру деп түсініледі. Шын мәнінде, ауру, жарақат және жүктілік жағдайына халықты әлеуметтік қорғау нысаны туралы әңгіме болып отыр. Басты мақсат — дені сау адамдардың денсаулығын сақтау.
— Бірақ қазақстандықтардың тең жартысы өздеріне тіпті сапалы азық-түлік сатып ала алмайтын жағдайда және экологиялық ластанған қалаларда тұратын халыққа сапалы ауыз су да қолжетімді емес. Бұл жерде дені сау адамдардың денсаулығы туралы не айтуға болады?
— Себебі дені сау адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған мәселелер кешенді емес, жеке-жеке шешіледі. Ақыр аяғында барлық қабылданған шарадан ешқандай нәтиже болмайды. Денсаулық сақтау жүйесі 10%-ға ғана адамның өмір сүру сапасына әсер етеді. Қалған 90%-ы адамдардың өз денсаулығын күтуіне, сондай-ақ өмір сүруге қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға байланысты. 2025 жылы таза ауыз сумен ел халқы 100% қамтылады. Өндірістердің технологиялық процесін жетілдіру арқылы экологиялық жағдай жақсарады. Денсаулық сақтау жүйесіне келетін болсақ, ол отбасылық дәрігерлердің немесе жалпы практика дәрігерлерінің медициналық қызметтеріне ақы төлеудің арнайы ынталандыру әдістерін енгізуге тиіс. Олардың міндеті халықтың денсаулығын мұқият қадағалау.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттеріне жұмысының сапасы үшін қаржылық жауапкершілік артатын болса көптеген мәселелер шешімін табар еді. Бұл медициналық қызмет көрсету жүйесінің бірінші буыны. Емделушінің салалық мамандарға баруы немесе стационарда қызмет алуына мемлекеттің қосымша шығын шығару осы жүйеге байланысты. Бірақ біздің жалпы практика дәрігерлерінің құзыреттілігі төмен болғандықтан, әзірге мұндай тәсілдің енгізілу\енгізілмеуі күмәнді.
— Сіз денсаулық сақтау саласына қаржы жетіспейді деп айттыңыз. Ақша жеткілікті болуы үшін қанша ақша керек?
— Денсаулық сақтауды қаржыландыру ЖІӨ-нің 5,5%-ын құрауы тиіс деген есептерулер бар. Сол кезде ғана халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету туралы айтуға болады. Қазір қаржыландыру тек ЖІӨ-нің 2,9-дан 3,9%-ын құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылы осы көрсеткішке жетеміз деді. Бірақ мен ақшаның көлеміне емес, олардың ұтымды пайдалануына алаңдап отырмын.
Егер денсаулық сақтау министрлігінің барлық құжатында жазылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейін көтеруге басымдық берілсе, халықтың денсаулығына қатысты мүлдем басқа көрініске қол жеткіземіз.
Ең алдымен
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің төлемі мен сақтандыру бойынша берілетін медициналық қызметтерді біріктіру керек
Сонда амбулаторияларда жұмыс істейтін, ауруды басқаратын отбасылық дәрігерлерге басымдылық беріп, қаражат бірінші кезекте соларға аударылатын болады.
Қазір дәрігерлерді жақсы жұмыс істеуге ынталандырмайды, сондықтан «солдат ұйықтап жатыр-қызмет жүріп жатырдың» кері болып тұр
Қор мемлекеттік медициналық мекемелердің барлық медициналық қызметінің 87%-ын бюджет қаражатынан төлейді. Бұған балаларды, қарт адамдарды сақтандыру және оларға шұғыл көмек көрсету жатады. Амбулатория қызметкерлері үшін қалғанының маңызы жоқ, сондықтан кәсібилігін біліктілігін жетілдіруге ынталы емес.
Мониторингпен басқарылатын аурулардың нақты бағдарламасы пайда болған соң, отбасылық дәрігерлер тіркелген тұрғындардың соңынан өздері жүгіре бастайды
Мысалы, гипертониялық науқас бір айда 10 рет жедел жәрдем шақырған, 5 рет салалық мамандардың қабылдауында болып, кейін тіпті отбасылық дәрігердің сапасыз қызметінің нәтижесінде стационарға жатқызылды. Онда сол отбасылық дәрігер сапасыз жұмысынан болған ауру салдарын емдеуге кеткен шығынды өтесін! Ал жұмысын жақсы істеп, созылмалы ауруы бар науқастың қал-жағдайы жақсарса мемлекет стационардық барлық шығындарын өтеп, отбасылық дәрігердің жұмысын ынталандырсын.