Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Елімізге 25 жылда 260 млрд. доллар инвестиция тартылды

Бұл туралы Егемен Қазақстан хабарлайды.

Бүгін «Rixos» қонақүйінде аталған жоба аясында ұйымдастырылатын кездесулердің алғашқысы өтті. Оған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, отандық сарапшылар, экономика саласының мамандары, Стратегиялық бастамалар орталығы мен бизнес ортаның өкілдері келді.

Жиында сөз алған Қуандық Бишімбаев Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерзімінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі тетіктеріне тоқтала келе, мемлекеттік бағдарламалар мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, оның ішінде  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының үшінші – «Индустриаландыру және экономикалық өсім» реформасы төңірегінде өз ойын ортаға салды. Спикердің айтуынша, бүгінде бұл реформа шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі тарапынан Қазақстанның салықтық және кедендік саясатын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған, мұның өзі келешекте ел экономикасының дамуына оң әсер тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, министр өз сөзінде жүргізілген реформалардың арқасында Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ең серпінді экономикалық үштікке еніп, ел экономикасы шетелдік капитал үшін тартымды бола түскенінін, 25 жыл ішінде мемлекетке 260 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция құйылғанын жеткізді.  Қазақстан бүгінде  ТМД елдері арасында тікелей инвестициялардың жалпы түсімі бойынша Ресейден кейінгі екінші орынды иеленген. Бұдан бөлек, еліміз еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіп өндірісі көлемін 10,3 есе ұлғайтуға қол жеткізген.

Қ. Бишімбаевтың сөзіне қарағанда, ел ішінде жүргізілген реформалардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда 2 есеге дейін төмендесе, кедейшілік деңгейі 3 пайыздан аспайтын көрінеді. Сондай-ақ, министр Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау мен білім беру саласын қаржыландыру 8,5 есе өскенін, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынғанын атап өтті.

Министрліктің дерегіне сүйенсек, денсаулық сақтау саласындағы тиімді жұмыстардың арқасында ана өлімі 1991 жылдан бері 5 есеге, сәби өлімі 3 есеге дейін азайып, туу көрсеткіші 1,5 есеге өскен. Ал елдегі өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 72 жасқа ұлғайған.

i-v-kazakhstan

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз