Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері күн салқындайды.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа ығысып жатыр, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, қатты дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін.
Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температура біртіндеп көтеріле бастайды.