Қазгидрометтің болжауынша, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбырлы ауа райы сақталады.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түседі. Жел күшейіп күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Қостанай, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.