Алматыдағы террорлық акті мен жоғары қауіп деңгейінің жариялануына байланысты еліміздің барлық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Республика бойынша қауіптің «сары» деңгейінің ұзартылуына байланысты шараларды күшейту туралы дәл осындай нұсқау еліміздің барлық әуежайы мен авиакомпанияларына жолданды, деп мәлімдеді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінен.