Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы өркендеп келеді

101

– Мемлекеттің бірінші бас­шы­­сына арнап киім тігу – өте жауапты жұмыс. Біздің  кә­сіпорын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап бірнеше рет тапсырыс орындады. Бұл біздің жауапкершілігімізді бірнеше есе арттыра түсті десек болады. Өні­міміздің сапалы болуына бұрынғыдан да мұқият қарауға барымызды салып келеміз, – дейді «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС директоры Айбек Бектұрғанов мырза.
Бұл кәсіпорын алғашында Қарулы Күштер құрылымдарына, өнеркәсіптік компаниялардың жұмысшыларына, медицина қыз­меткерлеріне сырт киім мен аяқ­киім тігуге маман­дан­ды­рыл­ған. Өнімнің негізгі түрі де осы бол­ды. Бүгінде компанияның же­ке өз жобасы бойынша өнді­ріс­тік  цехтары, әкімшілік және қойма орындары бар. Әлемдік же­­тек­ші өндірушілердің жо­ға­­ры технологиялық қон­ды­­р­­ғысын жөндеп іске қ­о­су, монтаждау жұмыстары жүр­гі­з­іл­ді. Қызметкерлердің саны толықтырылды. Қазіргі таңда отандық кәсіпорында 400-ден астам маман жұмыс істейді. Олардың бәрі өз ісінің нағыз білгір маманы. Реті келіп тұрғанда айта кету керек, кәсіпорын басшылары келешекте фабрикада тұрақты жұмыс істейтін жас­тар­ды еңбекке тартуға аса мән бе­реді. Әсіресе, білім алып жүр­ген жастардың ішінде са­лаға бейімі бар, ертеңгі күні жұ­мыс­ты алып кете алатындарға ерек­ше көңіл бөлініп, оларды мүм­­­­кін­дігінше өз қатарларына қо­сып алып, білмегенін үйретіп, тәр­биелеп келеді.

Жастайынан осы кәсіпке ден қойып, білікті мамандардан тәрбие алған олар ертеңгі күні осы кәсіпорынды ал­ға жетелейтініне сенім зор. Кад­рларды таңдау мәселесі үнемі бас­ты назарда. Бүгінде фабрикада білікті технологтар, сәнгер-конс­трукторлар, тігіншілер, киім пішушілер, аяқкиім тігушілер, басқа да көптеген мамандар жұ­мыс істейді. Компания өз қыз­­­меткерлерінің кәсіби деңге­йін жақсартуға үнемі атсалысып отырады. Жаңадан келген ма­ман­дарды оқытып, бұрыннан жұ­мыс істеп келе жатқан кыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру дәстүрге айналған. Бір қуа­нарлығы, кәсіпорын өз­де­ріне қажет мамандарды даяр­лау­ды қазірден қолға алған. «Қаз­жеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС жанында «Шебер» оқу­ орталығы жұмыс істейді. Бұл оқу орнында тігін және аяқ­киім өндірісі саласына қажет ма­­мандарды оқыту және қайта даярлықтан өткізу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда үнемі ізденісте болмасаң тұтынушының сұра­ны­сына сай өнім шығару мүмкін емес. Тұтынушы сұранысын дер кезінде және сапалы орындау – кәсіби мамандардың біріккен тобының іскерлігінің нәтижесі. Бұл – компанияның мақтанышы.
– Біздің кәсіпорын жылына 1,5 миллион тігін өнімдері мен 500 мың жұп аяқкиім шығарып отыр, – дейді компания басшы­сы Айбек Бектұрғанұлы. – Әр­түрлі көлемдегі жұмысты дер ке­­зінде орындауымызға бізде барлық мүмкіндік бар. Өндіріс цехтары, әкімшілік және қой­ма­­лық бөлмелер, еліміз бо­йынша ешбір кәсіпорында жоқ Гер­мания, АҚШ, Жапония, Ита­лия мен Қытайдың зама­на­уи, автоматтандырылған құ­рал-жабдықтары, сапалы ма­те­риал­дар тұтынушыға тоқыма бұ­йым­дарынан бастап аяқкиімге де­йін өндіріп беруге жағдай ту­ғызып отыр.

Тұтынушы өзі­не керекті киім-кешек пен аяқ­киім­нің бәрін бір жерден алып кете алады. Қазір бұрынғы ар­найы және әскери киімдерге қо­сымша ерлер мен әйелдердің кең­селік костюмдерін, жейделер, оқу­шылардың мектеп формасы, аяқкиімнің түр-түрін, атап айт­қанда, етік, туфли, бәтеңке, әс­кери қонышты бәтеңкеден үй ішінде киетін жеңіл аяқкиімдерге дейін шығарамыз. Өндіріс ау­қы­мы үлкен. Бұл сәйкесінше, тауар бағасының құнын төмен­де­туге мүмкіндік береді. Өнім­де­ріміз сапалы, сондықтан да бәсекеге қабілетті дей аламыз. Жасыратыны жоқ, ел нарығында импорт тауарлардың салмағы басым болып тұр. Мақсатымыз – импорттың орнын басу. Біз орташа және жоғары топқа арнап киім шығарамыз.

Кәсіпорын орналасқан Алма­ты шаһары бүгінде еліміздегі ең­ ірі бизнес орталығы. Бұл жер­де бәсеке жоғары. Дегенмен кә­сіп­оры­нның Қазақстанның ең ірі ме­гаполисінде қоныс тебуі өнімді өткізуде тиімділік тудырып отыр­ға­ны жасырын емес. Алматы қа­ласынан еліміздің кез келген ау­мағына авто, әуе, темір жол ар­қылы тауар тасымалдау тұрақты жү­зеге асырылады.

Жүйелі жұ­мы­стың нәтижесінде, өнімді ең қысқа мерзімде жеткізіп беруге мүм­кіндік бар. Бүгінгі таңда кә­сіпорын Алматыдағы ең ірі са­лық төлеуші және жұмыс беру­ші­лер­дің қатарында.

Компания өз жұмысын бас­­­тағалы бері шикізатпен жаб­дық­­­таушылар мен  өнімді са­тып алушылардың арасында се­­нім­ді серіктес бола білді. Ай­бек Бектұрғанұлының ай­туы­­на қарағанда, компания өз­ әріп­тес­терімен тығыз жә­не­ ұзақ мерзімді қарым-қаты­нас­­ты жолға қойған.

Бұл ком­па­­нияның нарықта өз орнын ойып тұрып еншілеп, одан әрі дамуына байланысты көптеген жоспарлардың жүзеге асуына мүмкіндік тудырады. Бір айта ке­терлік жайт,  кәсіпорынның бір­ден аяққа тұрып, жұмысты бастап кетуіне себеп болған мем­ле­­­кеттік мекемелерден арнайы киімге тапсырыс болуында. Өйт­ке­ні тұрақты тұтынушының бол­­уы өнім өндіруші үшін ең ма­­ңызды мәселе.

«Қазжеңілөнеркәсіп – Ал­ма­ты» ЖШС өз жұмысын бас­та­ған аз уақыттың  ішінде ау­ыз толтырып айтарлықтай біраз жетістіктерге қол жеткізіп үл­гер­ді.
Кәсіпорын Астана қала­сын­­­дағы көрме-форум қоры­тын­­дысы бойынша «NADLoC жер­гілікті құрамды дамыту бо­йын­ша Ұлттық агенттігі» АҚ бер­ген «Қазақстанда жасалған» сертификатының иегері; «Қазақ­стан­ның үздік тауары – 2015» аймақтық көрме-конкурсының жеңімпазы; «Қазақстанның үздік тауары – 2015» республикалық көрме-конкурсының жеңім­па­зы; Тігін және аяқкиім фаб­­ри­­касының директоры Айбек Бек­тұр­ғанов «Нұрлы жол» но­ми­­нациясының және «Жыл па­т­риоты – 2015» конкурсының же­­ңімпазы деп танылған. ЖШС-ның стратегиялық мақсаты – қазақстандық жеңіл өнеркәсіп нарығын бәсекеге қабілетті отан­­дық өніммен қамтамасыз ету. Осыған байланысты тұ­ты­­­­ну­шылар сұранысы мен қа­­­нағаттану деңгейін бағалау бо­йынша маркетингтік зертт­еу­лер жүргізілуде.

Әлемдік нарықтағы қиын ахуалға қарамай еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы бір­­тіндеп қарқын алып ке­ле­ді. Ин­дустрияландыру бағ­дар­ла­­масының бірінші бес­жыл­ды­ғында жыл сайын өсім бай­қа­л­ды. 2015-2019 жылдарға ар­налған Жеңіл өнеркәсіп са­ласын дамытудың кешенді жос­пары бекітілген. Мемлекет та­ра­пынан осындай қолдаудың болуы өндірісшілерге дем беріп, жұмыстарының алға жылжуына сеп болып отыр.
Жыл басында Алматы қала­сын­да тамақ, химия, ағаш өңдеу, жеңіл және құрылыс секторында бес жаңа жоба индустрияландыру картасына енгізілген.

Соның бірі – «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС-ы. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Ал­ма­­ты қаласына инвестиция, әсі­ресе, шетелдік инвестиция тарту жайлы тапсырмасы бар. Бұл жобалар осы тапсырманы ойдағыдай орындауға негіз бо­лады деген сенімдеміз.

Іскер басшы Айбек Бек­тұр­­ғанов Алматы қаласы мен республикалық көлемде қо­ғам­дық жұмыстарға белсене ат­са­лы­сады. Фабрика ұжымы ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қа­уымдастығының, ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ода­ғы­ның, «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілері мен кәсіп­кер­лері қауымдастығының мүшесі. Кәсіпорында шығарылатын өнім түгелдей СТ-KZ сертификатын иеленген.

Негізі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдау қажеттігін үнемі  айтып келеді. Мұны нақты өз іс-әрекетімен де дәлелдеп отыр. Сондықтан табиғи таза өнімнен жасалған, бағасы да көңілге қонымды өз өнімдерімізді алуға асығайық. «Көп түкірсе көл» демекші, әрқайсысымыздың қолдауымыз арқылы отандық өндірістің жандануына үлес қоссақ, бұл экономикамыздың дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз