Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төленуі мүмкін

Мәдениет саласына тың серпін беретін жаңа заң жобасының Алматыда талқылануы бекер емес. Ақын-жазушылар шоғырланған, әдеби орта қашан да осы оңтүстік астанада болған. Құжаттың қабылдануына, әсіресе, қалам ұстаған қауым аса мүдделі. Себебі, бұл жолғы заңда жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төлеп, шығармаларын тегін кітап етіп басып шығару  қарастырылған. Ол үшін мемлекет есебінен бір жарым миллиард теңге бөлу көзделіп отыр екен.

Майра Айсина, Мәжіліс депутаты

– Гонорар деген мәселесі шешілуге дайын. Екіншіден республикамызда 5 мыңдай кітапхана бар. Соның екі мыңы ғана заң шеңберінде шығарылып жатқан кітаптарды ала алады. Сондықтан соны 5 мыңға көбейтуіміз керек.

Осылайша төл әдебиетті дамыту мәселесі енді заң арқылы реттелмек. Себебі, соңғы уақытта жазушы деген аттың қадір-қасиеті жоғалып барады дейді қаламгерлер. Атақ-даңққа алданып келген ақын-жазушыларды алаңдататын да сұрақтар бар. Мәселен, бюджет есебінен қаржыландырылып, қаламақысы төленген шығармаларға шектеу көп болуы мүмкін дейді жазушылар. Алайда заң шығарушылар ешкімнің аузына қақпақ қоймай қаламгерлерге шығармашылық еркіндік беріледі деп отыр.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

-Көп жағдайда дайын әдебиетті аламыз. Өйткені жазған кезде былай жаз деп айту конституцияға қайшы. Өйткені оның қаламына тұсау беру цензура болып кетеді. Ал цензура конституциямызға томпақ келетін дүние.

Осындай кемшін тұстар болмас үшін аталған заң жобасы ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің талқысына түсіп отыр. Құқықтық құжат сарапшылардың сүзігісінен өткен соң жаңа жылға дейін қабылданады дейді депутаттар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз