Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
3
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Елімізде лаңкестік операция жүріп жатқанда ұялы байланыс сөндірілетін болды

Білісбековтың айтуынша, ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған бейне бақылау камераларының санын 4 мыңнан 51 мыңға дейін ұлғайту да жоспарлануда.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лаңкестік қауіпке мониторинг жасау және оны дер уақытында алудың маңызды элементі халықтың коммуникациялық мүмкіншілігін пайдалану болып отырғанын жеткізді. Бұл мақсаттарға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үш санды «110» нөмірін бөлді. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық территориялық органдарына қосылған.

Қалалық және аудандық телефон стансаларының абонентерімен де тұрақты байланыс қамтамасыз етілген. Ендігі уақытта KCell, Activ, Altel және Tele-2 ұялы байланыс операторларын «110» бірыңғай нөміріне қосу мәселесі қарастырылуда.

«Республика территориясында террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізілгеннен бері халықтың ақпараттық белсенділігі 2 есеге жуық артты. Ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына күдікті заттар, терактіге дайындық белгілеріне қатысты 50-ге дейін дабыл түсіп, оған орай жедел қызметтер шұғыл әрекет жасайды», – деді Нұрғали Білісбеков.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз