Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде 125 мың жұмысшысы бар 429 кәсіпорынның жағдайы қиын – министр

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде 2015 жылдан бастап еңбек қатерлеріне байланысты мониторинг жүргізіліп келеді.

– Мониторингке сәйкес, елімізде проблемалы 429 кәсіпорын бар, оларда 125 мың адам жұмыс істейді. Еңбек тәуекелдері жөніндегі картаға сәйкес, жұмысшыларға қатысты орташа тәуекелдік деңгейі, яғни, еңбек саласында тұрақсыздық жағдайының болу ықтималдығы жоғары 10 өңірде байқалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында еңбек саласындағы тұрақсыздық тәуекелі айтарлықтай емес, дегенмен біршама шешімді талап ететін мәселелер немесе жағдайды нашарлатуға алғышарттар қалыптасқан проблемалар баршылық, – деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы еңбек қатынасы саласындағы тәуекелдері ең төмен, тұрақтылық сақталған өңір болып отыр.

– Еңбек және ұжымдық шиеленістер мен даулардың шығуының негізгі себебі – жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасын бұзуға қатысты болып отыр. Сонымен қатар, жұмысшылар еңбекақысын уақтылы төлемеу де еңбек дауларын тудыруда негізгі себептердің біріне айналуда. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген 4 мыңнан астам тексерулер барысында 6 мыңға тарта еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 29 пайызы еңбек жалақысын төлеу мерзімінің бұзылуына қатысты болып табылады, – деді Тамара Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз