Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
2016 жылдың қазан айында Нұрсұлтан Назарбаев суық тиіп қалуына байланысты жұмыс сапарын кілт доғарып, Арменияға бара алмай қалған болатын. Ереванда Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуы керек болған еді.