Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.