Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елбасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Сондай-ақ қос мемлекет басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады. Партияның көшбасшылығымен Қытай халқы бүгінгідей биіктерге жетіп, елді әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу міндетін алға қойып отырғанын атап өтті.

Си Цзиньпин тәуелсіздік жылдары Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егеменді даму мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ҚХР төрағасы Қазақстанның Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар көлік және коммуникация саласындағы екіжақты ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екеніне назар аударып, “Нұрлы жол” және “Жібек жолының экономикалық белдеуі” бағдарламаларының бір-бірін өзара толықтырып тұратынына тоқталып өтті. Сондай-ақ екі ел аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін одан әрі нығайту және дамыту қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын жаңа сапалы деңгейге көтеріп, оның көлемін ұлғайтуға ниетті екендіктерін білдірді. Екі мемлекеттің көшбасшылары агроөнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімге арналған серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз