Кеше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg-ке сұхбат берді деп жазады Қамшы порталы.
Ол өз сұхбатында келесі президенттің кім болатыны туралы сұрақға ашық жауап берген. Елбасының айтуынша, оның балалары тақ мұрагері болмайды. Президент Қазақстан билігінің конституцияға сай ауысатынын, барлық процестің тек заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізген.
«Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін, 2020 жылы жүздесейік», – дейді Елбасы.